Жаңалықтар

28.07.2017
Облыстық маңызы бар "Покровка-Темір-Кеңкияқ-Ембі" автомобиль жолының 0-111км учаскесіне жол белгілері орнатылып, шөп шабу жұмыстары жүргізілді.

Облыстық маңызы бар "Покровка-Темір-Кеңкияқ-Ембі" автомобиль жолының 0-111км учаскесіне жол белгілері орнатылып, шөп шабу жұмыстары жүргізілді.
24.07.2017
«Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы (Астраханьға)» республикалық маңызы бар автомобиль жолы туралы.

Ақтөбе және Атырау облыстыранда «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру аясында А-27 «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы (Астраханьға)» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 456 шақырымын қайта жаңарту күтіліп отыр, оның ішінде Ақтөбе облысының аумағына 319 шақырымы тиесілі.
Ұзындығы 319 шақырым болатын аумақтың жобалық-іздестіру жұмыстарын жасау үшін, ұлттық қордан 518,9 млн.теңге қаржы бөлінген.
Жалпы ұзындығы 328,726 шақырым болатын аумақтың жобалық құны 142,9 млрд.теңге немесе 434,8 млн.теңге/шақырым. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 1365,68 п.м. 21 көпірді қайта құрудың жобалық-сметалық құжаттары, жалпы ұзындығы 327,01 п.м. құрайтын темір жол арқылы өтетін 5 жол өткелінің құрылысы, 5 жол-пайдалану учаскелерінің құрылысы немесе қайта жаңарту қарастырылуда.
Алға, Қандыағаш, Шұбарқұдық, Қарауылкелді елді мекендері арқылы айналма жолдардың құрылысы қарастырылуда.
Автомобиль жолдарын қайта құру үшін қаражат Ислам даму банкінен (11-160 шақырым телімі) және Азиялық даму банкінен (160-330 шақырым телімі) бөлу жоспарлануда.
2015 жылғы 16 қарашадағы тендердің қорытындысы бойынша бас мердігер болып «Ивета Со» ЖШС анықталды, «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханьға)» 220-236 шақырым автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары бойынша 3602,471 млн.теңге сомаға №1-РЕК келісім-шарты жасалған. Жұмыстың аяқталу уақыты – 01.11.2017 ж. Қаржы көзі – республикалық бюджет.
Автомобиль жолдары Комитетімен Халықаралық қаржы институттарының талабына сәйкес 160-330 шақырым теліміне тендер өткізілген, қорытындысы ағымдағы жылы анықталады.
18.07.2017
«Ақтөбе-Орск» автомобиль жолының 0-8 км участкесін қайта жарақтандыру бойынша ақпарат. 17.07.2017 жылғы жағдайы бойынша

«Ақтөбе-Орск» автомобиль жолының 0-8 км участкесін қайта жарақтандыру бойынша ақпарат.
17.07.2017 жылғы жағдайы бойынша.
Жалпы құны 3 050,2 млн.тенге,
Бас мердігер – «КТП» ЖШС,
Бас жобалаушы – ПК «Актюбгражданпроект»,
Проектировщик – «ПроектСтройДиалог Актобе» ЖШС,
Жұмыстың аяқталуы – қараша 2016 жыл,
Жұмыстың аяқталуы – қараша 2018 жыл.
Техникалық параметрлер
-жоба-жауапкершілік деңгейі I (жоғары), техникалық күрделі.
- қайта жаңартылатын жолдардың ұзындығы– 7,7 км
- қозғалыс жолағының саны – 4 ед.
- жер төсемінің ені – 25,5 м.
- қозғалыс жолағының ені – 3,75 м.
- жол төсемінің ені – 16,5 м.
- көпірлерді қайта жаңарту – 2 ед.
-2017 жылы 950,0 млн.теңгеге 6,5 км жөндеу жоспарлануда. 2017 жылы қосымша 700,0 млн.тенге бөлінді.
Жыл басынан бері 334,0 млн.теңге сомаға жұмыстар жүргізілді, айта кетсек
Қолданыстағы жамылғыны фрезерлеу 4,6 км, жер жұмыстары 3,9 км, төсеніштік қабатының құрылысы– 3,9 км, төменгі қабатының негізгі құрылысы қиыршық тасты құмның қоспасынан - 3,8 км, үстіңгі қабатының негізгі құрылысы қара қиыршық тастан - 3,3 км, төменгі қабатының жамылғысының құрылысы ірі асфальтбетоннан - 3,3 км, Песчанка көпіріндегі тіректерге құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Жол құрылыс материалдары дайындалды (щебень, отсев, ПГС) – 37 тыс. м3, барлығы 40 ед.техника жұмылдырылды.
Құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген күнтізбелік кестеге сай жүргізілуде.
Бүгінгі күні жұмыс кестесінен артта қалу жоқ.
14.07.2017
Ағымдағы жылы Ақтөбе облысы автомобиль жолдары бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарынды сервистік 121 нысан бар, соның ішінде:1. М-32 «РФ шекарасы (Самараға) – Шымкент» - 55;2. А-22 «Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай» - 5

Жол бойындағы сервисті дамыту.
Ағымдағы жылы Ақтөбе облысы автомобиль жолдары бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарынды сервистік 121 нысан бар, соның ішінде:
1. М-32 «РФ шекарасы (Самараға) – Шымкент» - 55;
2. А-22 «Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай» - 5;
3. А-24 «Ақтөбе – Мәртөк – РФ шекарасы (Орынборға)» - 6;
4. А-25 «Ақтөбе – РФ шекарасы (Орскіге)» - 10;
5. А-26 «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» - 2;
6. А-27 «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы (Астраханьға) – 43.
Оның ішінде ұлттық стандартқа – 52 нысан (43 пайыз) сай келеді.
«Батыс Европа-Батыс Қытай» халықаралық тразиттік дәлізі бойында 45 жол бойындағы сервис нысандары орналасқан.
Облыста «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жол бойындағы сервистің 18 нысаны анықталған. Қазіргі таңда олардың 3 нысаны жоспарланған санатқа сай келеді, 6 нысан – құрылыс санатында, 4 нысан бойынша құрылыс инвесторлары анықталмаған, 4 нысанды – толық жабдықтау күтіліп отыр.
«Орталық-Батыс» жобас бойынша – 1 нысанның құрылысы күтілуде.
Сонымен қатар, 53 нысан анықталып, олардың иелерімен сервистік нысанда кездесу өткізілген болатын. Ұсынылатын қызметтердің сапасын көтеру мен оларды көбейту үшін нысандардың санатын көтермелеу ұсынылған болатын.
03.07.2017
Қазіргі таңда Ақтөбе облысының аумағында келесі көлік-логистикалық орталықтар (КЛО) қызмет жасайды:

Лигостиканы дамыту
Қазіргі таңда Ақтөбе облысының аумағында келесі көлік-логистикалық орталықтар (КЛО) қызмет жасайды:
1. «ALG Центр» ЖШС көлік-логистикалық орталығы аумағы – 12 781 м2 болатын үш терминалдан тұрады. Жүктерді сақтау көлемі – 17 328 паллетоорын. Ақтөбе темір-жол станциясына жақын жерде орналасқан ұзындығы 424 п.м. болатын жеке темір-жолы бар.
2. 2016 жылы «Бизнестің даму картасы-2020» ортақ бағдарламасы аясында «Бектурова Ж.А.» ЖК («Лучшее решение» ЖШС) көлік-логистикалық орталығының құрылысына пайыздық ставканы субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. Несие сомасы 550,0 млн. теңгені құрады және құрылғылар алуға 270,0 млн. теңге несие.
Аталған көлік-логистикалық орталығы 2016 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілді. Бұл жоба «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің көлік-логистикалық жүйесінің жалпы қызмет ету сұлбасына енгізілген. Ауданы 10 мың кв.м. болатын көлік-логистикалық орталығы Ақтөбе қаласында орналасқан және барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.
3. «ҚТЖ» ҰК АҚ Ақтөбе қаласының халықаралық аэропотының базасы аясында «Ақтөбе қаласында А кластағы мульти-модальды көлік-логистикалық орталығының құрылысы» инвестициялық жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Көлік-логистикалық орталығымен әуе, темір жол және автомобиль көліктерінің жүк ағынын өңдеу қарастырылуда.
Ұсынылған аумақ әртүрлі көлік құралдарының арақатынасына қолайлы, аумаққа жақын жерде теміржол тармағы, ұзындығы 3200 метрді құрайтын ұшып-қону жолағы және асфальтталған автомобиль жолы орналасқан.
Ақтөбе қаласы әкімдігімен аумағы 40 га болатын жер учаскесі бөлінген.
Қазіргі уақытта жобаның технико-экономикалық негіздемесін «Каз АТК» АҚ инжинирингтік орталығы жасаған. Жобаның тапсырыс берушісі «KTZ Express» АҚ еншілес компаниясы «КТЖ» ҰК АҚ
27.06.2017
Ақтөбе облысындағы тразиттің, логистиканың және жол бойындағы қызмет көрсетуді дамыту мәселесі бойынша анықтама

Ақтөбе облысындағы тразиттің, логистиканың және жол бойындағы қызмет көрсетуді дамыту мәселесі бойынша анықтама
Облыстағы транзиттің дамуы
Облыс арқылы ұзындығы 609 шақырым болатын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі өтеді: М-32 «РФ шекарасы (Самараға) – Шымкент» 763-1240 шақырым, Р-50 «Ақтөбе қаласының Солтүстік айналма жолы» 0-39 шақырым, А-24 «Ақтөбе – Мәртөк – РФ шекарасы (Орынборға)» 7-99 шақырым.
Ақтөбе және Атырау облыстыранда «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру аясында А-27 «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы (Астраханьға)» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 456 шақырымын қайта жаңарту күтіліп отыр, оның ішінде Ақтөбе облысының аумағына 319 шақырымы тиесілі.
Ұзындығы 319 шақырым болатын аумақтың жобалық-іздестіру жұмыстарын жасау үшін, ұлттық қордан 518,9 млн.теңге қаржы бөлінген.
Жалпы ұзындығы 328,726 шақырым болатын аумақтың жоблаық құны 142,9 млрд.теңге немесе 434,8 млн.теңге/шақырым. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 1365,68 п.м. 21 көпірді қайта құрудың жобалық-сметалық құжаттары, жалпы ұзындығы 327,01 п.м. құрайтын темір жол арқылы өтетін 5 жол өткелінің құрылысы, 5 жол-пайдалану учаскелерінің құрылысы немесе қайта жаңарту қарастырылуда.
Алға, Қандыағаш, Шұбарқұдық, Қарауылкелді елді мекендері арқылы айналма жолдардың құрылысы қарастырылуда.
Автомобиль жолдарын қайта құру үшін қаражат Ислам даму банкінен (11-160 шақырым телімі) және Азиялық даму банкінен (160-330 шақырым телімі) бөлу жоспарлануда.
2015 жылғы 16 қарашадағы тендердің қорытындысы бойынша бас мердігер болып «Ивета Со» ЖШС анықталды, «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханьға)» 220-236 шақырым автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары бойынша 3602,471 млн.теңге сомаға №1-РЕК келісім-шарты жасалған. Жұмыстың аяқталу уақыты – 01.11.2017 ж. Қаржы көзі – республикалық бюджет.
Автомобиль жолдары Комитетімен Халықаралық қаржы институттарының талабына сәйкес 160-330 шақырым теліміне тендер өткізілген, қорытындысы ағымдағы жылы анықталады.
Сонымен қатар, облыста «Астана – Жантеке – Егіндікөл – Арқалық – Аманкелді – Торғай – Ырғыз – Шалқар – Ембі – Қандыағаш – Доссор – Бейнеу – Ақтау» бағыты бойынша өтетін «Орталық-Батыс» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Аталған жолдың ұзындығы 2511 шақырымды құрайды. Облыс аумағында бұл жол «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» ұзындығы 401 шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолын және «Ырғыз-Нұра-Қостанай облысының шекарасы» ұзындығы 120 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қамтиды.
Автомобиль жолдары комитетінің тапсырмасына сәйкес, «Юпитер» Зерттеу институты» ЖШС «Орталық-Батыс» автомобиль дәлізін қайта жаңартуға ТЭН жасады. Оның облыс бойынша Қостанай облысының шекарасынан Қандыағаш қаласына дейінгі созындысы 518,3 шақырым.
«Орталық-Батыс» дәлізінің телімі бойынша жобалау-сметалық құжаттама жұмыстарын жүргізуге бөлінген сомма 1 095 748,5 мың теңгені құрайды.
23.06.2017
Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы
хабарландыру
1. «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 27 шілдеде сағат 10-00, Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр даңғылы 1, («ПОШ» ғимараты) 441 бөлме, мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тасымалдау маршрутына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
2. Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеті шығарылады:
Лоттың
Маршруттың атауы
Арақашықтығы, км
1
Ақтөбе – Арал (Қызылорда облысы)
633
2
Ақтөбе – Ырғыз – Ақтөбе
431
3
Ақтөбе – Ойыл – Ақтөбе
265
4
Ақтөбе – Мартөк – Ақтөбе
80
5
Ақтөбе – Хазрет – Ақтөбе
80
6
Ақтөбе – Шалқар – Ақтөбе
375
3. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
4. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр даңғылы 1, («ПОШ» ғимараты) 441 бөлме, мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.
5. Конкурстық құжаттардың жиынтығы ақысыз беріледі.
6. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2017 жылдың 12 шілдесі сағат 18-00-ге дейін.
7. 2017 жылдың 29 маусым сағат 10-00 де конкурстық Комиссия конкурсты өткізу мәселелері жөнінде конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.
8. Анықтама алу үшін телефондар: 8 (7132) 55-76-13.
15.06.2017
Облыстық автомобиль жолдары туралы ақпарат

Қазіргі таңда, Ақтөбе облысының республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6553,42 шақырымды құрайды, оның ішінде:
- республикалық маңызы бар жолдар – 1894 шақырым;
- облыстық және аудандық маңызы бар жолдар – 4660 шақырым (облыстық – 1057 шақырым, аудандық – 3603 шақырым).
2017 жылға облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 8,6 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде:
09.06.2017
2017 жылдың 9 маусым күні басқарма басшысы А.Османғалиев басқарма қызметкерлерімен жиналыс өткізді. Жиналысқа қатысқандар: жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Базарғалиев Е.Е., автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Данағұл А. , автомобиль жолдары бөлімінің

2017 жылдың 9 маусым күні басқарма басшысы А.Османғалиев басқарма қызметкерлерімен жиналыс өткізді. Жиналысқа қатысқандар: жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Базарғалиев Е.Е., автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Данағұл А. , автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы Е.Жұбатов, жолаушылар көлігі бөлімінің жетекші маманы Э.Джекебаева, персоналды басқару қызметінің бас маманы Наренова А. Жиында басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бекітілген қызметкерлергемемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің сақталуын бақылау, өз міндеттерін жедел әрі нақты орындау жөнінде айтылды.
05.06.2017
Сіздерді Ақтөбе облысының брендін анықтау үшін дауыс беруге шақырамыз! Брендтін нұсқаларын қарау және оларға дауыс беру үшін Сізге www.aktobe.gov.kz сайтына немесе @aktobe_akparat парақшасының профилінде көрсетілген сілтеме арқылы өту керек.Өңірдің имидж

Сіздерді Ақтөбе облысының брендін анықтау үшін дауыс беруге шақырамыз! Брендтін нұсқаларын қарау және оларға дауыс беру үшін Сізге www.aktobe.gov.kz сайтына немесе @aktobe_akparat парақшасының профилінде көрсетілген сілтеме арқылы өту керек.
Өңірдің имиджіне енжар болмаңыз!
02.06.2017
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерімен сұхбаты

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерімен сұхбаты
1. Хабар 24.
Ахметжан Смағұлұлы, сіз осы жұмысты енді бастаған сәтте өзіңізді оптимист ретінде таныттыңыз. Сіз топ-менеджментті оңтайландырып, қосымша инвестицияларды тартуды және туристік әлеуетті дамыту жоспарлаған болатынсыз. Ал қазіргі уақытта, ЭКСПО-2017 көрмесінің басталуына 13 күн қалған кезде, нені іске асыра алдық, неге қол жеткіздік, мүмкін іске асырылмай қалған ойларыңыз бар ма? Солар туралы айтып кетсеңіз?
Президенттің мені ұлттық компанияның басшысы етіп тағайындағаннан кейін, екінші күні, дәл айтқанда 2016 жылдың 13 тамызында құрылыс алаңына келіп, нысан ретінде алғаш BI-Group компаниясы салып жатқан C1 аталатын павильонды көргенім есімде. Шынын айтқанда, бұл жерде қабырғалары мен өндірістік кестесі орнатылған бетонды тақташасы ғана болған, басқа ешқандай үй-жайлар болған емес.
30.05.2017
Ақтөбеде жолаушылар көлігі gps-трекерлермен жабдықталатын болады

Ақтөбеде жолаушылар көлігі gps-трекерлермен жабдықталатын боладыАқтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өткізген жиналыста жолаушылар тасымалының қазіргі жағдайы талқыланды. Жиынды ашқан өңір басшысы көтеріліп отырған мәселенің маңыздылығын атап өтіп, жолаушылар тасымалын ретке келтіру қажеттігі туралы әңгіменің бұған дейін де қозғалғандығын еске салды. - Осыған қарамастан қоғамдық көліктердің уақыт ара қашықтығы мен қозғалыс кестесі, қалалық автобустар салонының санитарлық-техникалық жағдайы көңіл көншітпей отыр. Ақтөбеліктер кейде аялдамада сағат бойы тұрып қалатындарын айтып, шағымдануда,-дейді Бердібек Сапарбаев.
26.05.2017
«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі келесі мемлекеттік қызметтер түрін көрсетеді:

«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі келесі мемлекеттік қызметтер түрін көрсетеді:
-Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»;
-«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру»;
-«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру».
Жоғарыда аталған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпаратты «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің http://zhol.aktobe.gov.kz ресми сайтынан ала аласыздар.
22.05.2017
«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-сі кеме жүргізушілерді даярлау жөніндегі дистанциялық курстан өту үшін төмендегі мекенжайға хабарласуға болатынын хабарлайды.050062, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Өтеген

«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-сі кеме жүргізушілерді даярлау жөніндегі дистанциялық курстан өту үшін төмендегі мекенжайға хабарласуға болатынын хабарлайды.
050062, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесі 11А, тел.+7 (727) 315 02 31; факс +7 (727) 276 84 43, e-mail: info@eurasiamotors.kz; www.eurasiamotors.org
18.05.2017
Ағымдағы жылдың 18 мамырында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ж.Бексарының қатысуымен «Ақтөбе қаласының АФЗ ауданындағы өтпе жол құрылысы» нысанында жиналыс өткізілді. Жиналысқа мердігер мекеме «Трансмостгрупп» ЖШС және авторлық қадағалау «ПроектСтройДиа

Ағымдағы жылдың 18 мамырында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ж.Бексарының қатысуымен «Ақтөбе қаласының АФЗ ауданындағы өтпе жол құрылысы» нысанында жиналыс өткізілді. Жиналысқа мердігер мекеме «Трансмостгрупп» ЖШС және авторлық қадағалау «ПроектСтройДиалог Ақтөбе» ЖШС директорлары қатысты. Жиналыс барысында мердігер мекеме мен авторлық қадағалаушы мекемеге екі күндік мерзімде жобаны орналастыру және натураға көшіру бойынша тапсырма берілді

Беттер