Басқарма басшысы

Османғалиев Аязбай Қайырғалиұлы - басқарма басшысы
Құрметті сайт оқырмандары!
«Ақтөбе облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басќармасы» ММ
Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, біз Сіздерге өзіміздің ресми веб-сайтын ұсынып отырмыз.
Автомобиль жолдары - Ақтөбе облысының көліктік коммуникациялық кешенінің маңызды элементтерінің бірі, оның қазіргі жағдайдағы тиімді жұмысымен тұрақты дамуы халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту мен деңгейін көтеруге, экономиканың өркендеуіне жеткізетін маңызды факторы болып табылады.
Ақтөбе облысы Қазақстанның өнеркәсібі дамыған аймағының бірі, оған республикалық өнеркәсіп өнімінің 7 % үлесі тиесілі.
Аймақта хром рудасы, фософор, никель-кобальт, түсті металлдар, мұнай және газдың ірі кен орындары бар. Қомақты кен орындарының бар болуы облыс экономикасының әрі қарай дамуына әсерін тигізеді.
Облыстық көптеген аудандары ішінде жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары қатынастың жалғыз құралы болып табылады, сол арқылы тауарлар, құрылыс және агроөнеркәсіптік жүктер келіп түседі, өнімдер шетке шығарылады, жолаушылар тасымалдауы жүзеге асырылады.
Ақтөбе облысының жалпы пайдаланатын автомобиль жолдарының ұзындығы 6 564 км құрайды, оның ішінде: республикалыќ маңызы бар жолдар–1 864 км, областық маңызы бар жолдар– 1098 км, аудандық маңызы бар жолдар- 3 602км.
Біздің басқарманың негізгі міндеті– экономика мен халыќтың қолжетерлік және сапалы автомобиль жолдары мен көліктік қызметтерге деген қажеттілігін толық қанағаттандырумен қамтамасыз ету мақсатында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асыру және жүргізу.
Біздің сайтымызда Сіздер көлікпен коммуникацияға қатысты Басқарманың қызметі туралы барлық қажетті ақпаратқа қол жеткізе аласыз.
Құрметпен «Ақтөбе облысы жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Османғалиев