Нормативтік-құқықтық актілердің жобасы

Жоба
Ақтөбе облысы әкімдігінің Қ А У Л Ы С Ы
мен мәслихатының Ш Е Ш І М І
Ақтөбе қаласы № 2015 жылғы «____» желтоқсан
«Ауданаралық темір жол қатынастарын
анықтау туралы» 2010 жылғы 14 шілдедегі
№ 216/313 облыс әкімдігінің қаулысына
және облыстық мәслихаттың
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 1 – бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 және 27 – баптарына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Ауданаралық теміржол қатынастарын анықтау туралы» 2010 жылғы 14 шілдедегі №216/313 облыс әкімдігінің қаулысына және облыстық мәслихаттың шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. «Ақтөбе-Шалқар» темір жол бағыты әлеуметтік маңызы бар ауданаралық қатынас болып анықталсын».
2. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе
облысының әкімі Б. САПАРБАЕВ
Облыстық
мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА
Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы Л. ЖАЗЫҚОВА