Архив 2015

«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ (Ақтөбе қ. Сәңкібай батыр даңғылы 1 үй, 441 каб., transport_doroga@mail.ru) шығындарын облыстық бюджеттен өтеу үшін Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызды қатынастар бағытында жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды анықтау бойынша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Әлеуметтік мәні бар ауданаралық (қалааралық) және ішкі қатынастардағы конкурсқа шығарылған бағыттар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыруына қойылған шарттар мен талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі толық конкурстық ұсыныстар, конкурстық шарттарда көрсетілген.
Конкурс Ақтөбе облысының «Ақтөбе-Шалқар-Ақтөбе» бағыты бойынша өткізіледі.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» Занында және шығындарын облыстық бюджеттен өтеу үшін әлеуметтік мәні бар ауданаралық (қалааралық) және ішкі қатынастары бойынша теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдаушысын анықтау бойынша конкурстық шарттарда қойылған біліктілік талаптарына сай келетін барлық әлеуетті тасымалдаушылар жіберіледі.
Конкурс құжаттарының жиынтығын жергілікті уақыт бойынша 2015 жылдың 3 желтоқсаны сағат 15.00-ге дейін мына мекен-жайдан алуға болады: Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 1 үй, 441 кабинет.
Конкурсқа қатысу жөніндегі өтініштер конвертке қатталып, мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ, Ақтөбе қаласы Сәңкібай батыр даңғылы, 1 үй, 441 кабинет.
Конкурстық өтініштер тапсырудың соңғы мерзімі - 2015 жылдың 4
желтоқсаны жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-ге дейін.
Конкурстық өтініштер салынған конверттер 2015 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-де келесі мекен-жай бойынша: Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 1 үй, 441 кабинетінде ашылады.
Әлеуетті тасымалдаушылар конкурстық өтініштер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8(7132) 55-76-13.
Тасымалдаушыны анықтау бойынша конкурс ұйымдастырушының өкілетті өкілі: «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-сі жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы – Базарғалиев Есбол Еңсепұлы.