«Автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 176 қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулының жобасы

Жоба
Ақтөбе облысы әкімдігінің Қ А У Л Ы С Ы
Ақтөбе қаласы № 2016 жылғы «____» ақпан
«Автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 176 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 - бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Заңының 16-бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 62 бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
«Автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 176 қаулысына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде №91505 нөмірімен тіркелген, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 16 шілдесінде ресми жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген 0«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Инвестициялар және даму министрлігінің коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;
1-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.»
4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш;»
4-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекет тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:»
6-тармақтың 1), 2), 3) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік корпорация операторына қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы операциялық залда жүзеге асырылады;
2) 1- үдеріс - қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация операторы ХҚКО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ХҚКО ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі) енгізу;
3) 2 - үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторымен мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын таңдау, экранға шығару және Мемлекеттік корпорация операторымен қызмет алушының деректерін, сондай-ақ сенімхат бойынша қызмет алушы өкілінің (нотариалды куәландырылған сенімхат болғанда немесе сенімхатты өзге де куәландыру кезінде – сенімхаттың мәліметтері толтырылмайды) деректерін енгізу;
7) 5-үдеріс – ХҚКО ЫАЖ арқылы Мемлекеттік корпорация операторының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) «Е – лицензиялау» мемлекеттік деректер қорының автоматтандырылған жұмыс орны ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЕЛ МДҚ АЖО АЖ) жіберу.»
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:»
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9.Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-әрекеттің) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
2-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
аталған қаулымен бекітілген «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет регламентіне:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Инвестициялар және даму министрлігінің коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;
1-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.»
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуына, қызмет алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:»
4-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-әрекет жасау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйені қолдану тәртібінің сипаттамасы»
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:»
6-тармақтың 1), 2), 3) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік корпорация операторында қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы операциялық залда жүзеге асырылады;
2) 1- үдеріс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация операторы ХҚКО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ХҚКО ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі) енгізу;
3) 2 - үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторымен мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын таңдау, экранға шығару және Мемлекеттік корпорация операторымен қызмет алушының деректерін, сондай-ақ сенімхат бойынша қызмет алушы өкілінің (нотариалды куәландырылған сенімхат болғанда немесе сенімхатты өзге де куәландыру кезінде – сенімхаттың мәліметтері толтырылмайды) деректерін енгізу;
7) 5-үдеріс – ХҚКО ЫАЖ арқылы Мемлекеттік корпорация операторының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) «Е – лицензиялау» мемлекеттік деректер қорының автоматтандырылған жұмыс орны ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЕЛ МДҚ АЖО АЖ) жіберу.»
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:»
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
2-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2.0«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.М.Бексарыға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 62 бұйрығы» қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
Облыс әкімі Б. Сапарбаев
Жобаны ұсынады:
«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасы»
ММ басшысы А.Есжанов