«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту

Жоба
«Облыстық және аудандық маңызы
бар жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарына бөлінген
белдеуде, жарнаманы тұрақты
орналастыру объектілерлерінде сыртқы
(көрнекі) жарнама орналастыруға
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентін бекіту туралы»
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі
№ 265 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 - бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Заңының 16 - бабының 3 - тармағына, «Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 529 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 35 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11327 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 маусымда жарияланған), Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 265 қаулысына (Ақтөбе облысының Әділет департаментінде № 4465 болып тіркелген, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде 2015 жылғы 25 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулымен бекітілген «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;
4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға – Стандарттың 1-қосымшасындағы нысан бойынша өтініш;»;
4-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекет тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үдерісін сипаттау:»;
8-тармақтың 1), 2), 3), 7) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік корпорация операторына қажетті құжаттар мен өтініш береді, ол электрондық кезек жолымен «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы операциялық залда 2 (екі) минут ішінде жүзеге асырылады;
2) 1 - үдеріс - Мемлекеттік корпорация операторы қызмет көрсету үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының Біріктірілген ақпараттық жүйесінің Автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ХҚКО БАЖ АЖО) логин мен парольді 1 (бір) минут ішінде енгізуі (авторизациялау үдерісі);
3) 2 - үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторының көрсетілетін қызметті таңдауы, экранға қызмет көрсетуге арналған сұраныс нысанын шығару және Мемлекеттік корпорация операторының көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының мәліметтерін, сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы өкілінің сенімхат бойынша мәліметтерін 2 (екі) минут ішінде шығаруы (нотариалды куәландырылған сенімхат болғанда немесе сенімхатты өзге де куәландыру кезінде – сенімхаттың мәліметтері толтырылмайды);
7) 5 - үдеріс – ХҚКО БАЖ арқылы Мемлекеттік корпорация операторының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының сұранысын) «Е – лицензиялау» мемлекеттік деректер қорының автоматтандырылған жұмыс орны ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЕЛ МДҚ АЖО АЖ) 2 (екі) минут ішінде жіберу;
11) 8 - үдеріс – көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының Мемлекеттік корпорация арқылы ЕЛ МДҚ АЖО АЖ қалыптастырған қызмет нәтижесін алуы 5 (бес) жұмыс күні ішінде (паспорт, немесе бас тарту туралы дәлелді жауап алуы).».
2. «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ж.М.Бексарыға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ, «Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 529 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 35 бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев