Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы,орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы

Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы «___»___________№_____
қаулысымен бекітілген
Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы,
орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстартүрлерінің сыныптамасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы елді мекен көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстардың түрлерін сыныптау (бұдан әрі – сыныптау) елді мекендер көшелерін (бұдан әрі – көшелер) және ондағы құрылыстарды күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыс түрлерін белгілейді.
2. Сыныптау жол-жөндеу жұмыстарының көлемдерін негіздеу және оларды орындау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржы қаражаттарын есептеу үшін қолданылады.
3. Осы Сыныптауда мынадай анықтамалар қолданылады:
1) елді мекен көшелерін басқарушылар – көшелердің меншік иелері болып табылатын немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы көшелерді басқару қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
2) көшелер мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқару - бұл үнемді негізделген жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын әзірлеу арқылы оларға диагностикалау мен мониторинг жүргізудің негізінде көшелер мен жол құрылыстарының талап етілетін техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-күйін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыратын және регламенттейтін кешені;
3) көшелердің жай-күйіне мониторинг жүргізу – бұл пайдалану және қоршаған ортаның ықпал етуі нәтижесінде олардың жай-күйіне мүмкін болатын антропогендік өзгерістерді қадағалау мен бақылау, бағалау мен болжамдау жүйесі;
4) көшелерді маршрутты жөндеу тәсілі - бұл көлік қозғалысы үшін қауіпті ақаулықтарды жою және жергілікті учаскелердегі жол жабынының тегістігін қалпына келтіру жұмыстарын қоса алғанда, маршрут бойынша орындалатын жөндеу жұмыстарының кешені;
5) көше жолдарының жамылғысы - бұл автокөлік құралдарынан түсетін салмақты қабылдайтын және оны топыраққа беретін көшелерге бөлінген белдеулерінің шегіндегі көп қабатты құрылғы;
6) көше жолдарының жамылғысы қызметінің жөндеу аралық мерзімі - бұл құрылыс, қайта жаңарту немесе күрделі жөндеуден кейін көше жолын пайдалануға тапсырған күннен басталып көше жол құрылысының көтеру қабілеттілігін (күшейту) арттырумен байланысты кезекті күрделі жөндеуге дейінгі кезең;
7) көшенің жол жабыны қызметінің жөндеу аралық мерзімі - бұл құрылыс, қайта жаңарту, күрделі немесе орташа жөндеуден кейін көше жолын пайдалануға тапсырғаннан бастап тозу қабатын қалпына келтіру және тегістілік пен көлік қозғалысының қарқындылығы бойынша талап етілетін мәндеріне дейін біріктірушілік сапаларын орнына келтірумен және ақауларды жоюмен байланысты кезекті орташа жөндеу орындауға қажеттілік туындағанға дейін уақыт кезеңі;
8) көшенің жолын жөндеу жұмыстарының стратегиясы – бұл бөлінетін ресурстарды тиімді пайдалану кезінде көшелер мен көшенің жол құрылыстары желісінің көліктік-пайдалану жай-күйін сақтау және жақсарту бойынша аса тиімді ұзақ уақытты техникалық шешімдерді және басқаратын ықпал етулер кешені;
9) көшелерді қысқы күтіп ұстау – көше жолдарын және ондағы құрылыстарды қар басып қалудан қорғауға, оны уақтылы тазартуға және жол жамылғысының қысқы тайғақтығымен күресуге байланысты айрықша жұмыстар кешені.
4. Көше жолдарының құрамына мыналар кіреді: бөлінген белдеулер, жолдардың құрылымдық элементтері, жолдарды жайластыру және абаттандыру, су жібергіш және су өткізгіш құрылыстар, көпірлер, жол өткізгіштері, көлік айрықтары, су доғалары, үңгі жолдар, қорғау галереялары, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар, орман белдеулері гүлзарлар, гүл бақтары, гүл бақшалары, қолдан отырғызылған ағаштар, желілі тұрғын үй ғимараттары мен жол-пайдалану қызметтерінің кешендері, автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторингі үшін жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету және белгіленген габариттің шегінде олардың төбесіндегі ауа кеңістігі.
5. Көше жолдары мен ондағы құрылыстарды пайдалану жұмыстарын жүргізуге нақты бөлінген қаржы ресурстары автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстардың көліктік-пайдалану жай-күйін тексеру және диагностикалау материалдары негізінде белгіленген өткізілетін жөндеу жұмыстарының түрлеріне және жол-жөндеу жұмыстарының әзірленген стратегиясына қарай бөлінеді.
6. Көше жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын сыныпталатын жұмыс түрлері жол саласында қолданылатын нормативтік-техникалық құжаттарының талаптарына сәйкес орындалады.
7. Көше жолдары мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқару өзіне келесі жұмыстарды енгізеді:
1) жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау;
2) көше жолдары мен ондағы құрылыстарды сақтауды қамтамасыз ету және оларды уақытынан бұрын тозудан сақтау;
3) алдыңғы қатарлы тәжірибе және ғылым мен техникаға қол жеткізу негізінде көше жолдары мен ондағы құрылыстарды жөндеу мен күтіп ұстауды қоса алғанда, жобалау, салу, қайта жаңарту, пайдалану бойынша нормативтік-техникалық базаны жетілдіру және өзектендіру;
4) технологияны жетілдіру және көше жолдары мен ондағы құрылыстарды жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру;
5) көше жолдары мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқару жұмыстарын орындауды ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу және бақылау;
6) технологиялық ілеспе және жөнделген учаскелердің мониторингін ұйымдастырумен, көше жолдарын ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың шегінде көше жолдарының тәжірибелі учаскелеріне ғылыми, техникалық сүйемелдеу және мониторинг жүргізу.
8. Көше жолдары мен ондағы құрылыстарды диагностикалау мен мониторинг жұмыстарын жүргізу құрамына мыналар кіреді:
1) көше жолдары мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау сапасын бағалау арқылы жүйелі түрде (көктемгі, күзгі және айлық) тексеру;
2) көше жолдары мен ондағы құрылыстардың техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-күйін бағалау арқылы көзбен шолу және аспаптық тексеру, көше жолдары мен ондағы құрылыстарды паспорттандыру;
3) көше жолдарындағы көлік қозғалысының қарқындылығы мен құрамын есепке алу;
4) көше жолдары мен ондағы құрылыстардың техникалық деңгейі және көліктік-пайдалану жай-күйі туралы тиісті бағдарламалық қамту арқылы мәліметтер базасын қалыптастыру, үнемі жаңарту және жұмыс күйінде ұстау.
9. Жолдарды жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қаржы ресурстарын жоспарлау жұмыстарының құрамына мыналар кіреді:
1) көше жолдары және ондағы құрылыстардың көлік-пайдалану жай-күйі туралы деректердің бірыңғай ақпараттың базасын құру, әкімшілік ету және басқару;
2) көше жолдары және ондағы құрылыстардың көлік-пайдалану жай-күйі туралы ақпараттық деректер қорын талдау негізінде күтіп ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды негіздеу;
3) жолдар желісінің жай-күйін болжамдау арқылы көшелер жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын өңдеу. Жол-жөндеу жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын, соның ішінде көшелердің желісін күтіп ұстау жоспарларын құру;
4) жолдар желісін талап етілетін пайдалану жай-күйінде сақтау және күтіп ұстау үшін қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау;
5) жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі - ЖКО) шоғырланатын жерлерді жою бойынша бағдарламалар әзірлеу.
10. Көшелерде көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жұмыстарының құрамына мыналар кіреді:
1) автокөлік ағындары қозғалысының тәртібін зерттеу, жолдарды белгілеу сызбасын әзірлеу, жол белгілерін дислокациялау, қозғалыс жылдамдығын реттеу, қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйесін ұйымдастыру;
2) ЖКО талдау, ЖКО болған орындарды тексеру, себептерін анықтау және жол қозғалысы қауіпсіздігінің шарттарын жақсарту бойынша ұсыныстарды дайындау;
3) қозғалыс қауіпсіздігі тұрғысынан аса қауіпті жол учаскелерін анықтау және авариялардың алдын алуға арналған профилактикалық іс-шараларды әзірлеу;
4) бөлінген белдеулер шегінде құрылыс жұмыстарын жүргізуді келісу;
5) коммуникациялар мен инженерлік желілері бар көше жолдары мен ондағы құрылыстардың қиылысу мен жанасуына техникалық шарттар мен келісулерді әзірлеу;
6) өртке қарсы іс-шараларды қадағалау және жетілдіру жөніндегі өртке қарсы қызметтері ұйымдарымен шарттар жасасу, өртке қарсы сигнализацияға, электрмен жарықтандыруға және тағы басқа жоспарлы тексеру және сараптама жүргізу және олардың орындалуын бақылау;
7) көше жолы бойындағы коммерциялық сервистер объектілерін орналастыруды келісу.
11. Көше жолдары мен ондағы құрылыстарды сақтауды қамтамасыз ету және оларды уақытынан бұрын тозудан сақтап қалу жұмыстарының құрамына мыналар кіреді:
1) көше жолдарын пайдалану және оларды қорғау тәртібін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;
2) ірі габаритті және ауыр салмақты көлік құралдарының жол жүруін келісу;
3) көше жолдары мен ондағы құрылыстарды жөндеу мен күтіп ұстау саласындағы жұмыстық бағдарламалық өнімдерді жетілдіру және оларды жұмыс күйінде ұстау;
4) көше жолдары мен ондағы құрылыстар ұзақтылығын және үнемділігін арттыру мақсатында оларды жөндеу мен күтіп ұстау саласындағы өзекті проблемалар бойынша іздестіру және инновациялық жұмыстары.
12. Көше жолдары мен ондағы құрылыстардың пайдаланылуын басқаруды ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу және бақылау жұмыстарының құрамына мыналар кіреді:
1) көше жолдары мен ондағы құрылыстар желісін күтіп ұстау бойынша жол-жөндеу жұмыстарының орындалуын үйлестіру және реттеу;
2) көше мен ондағы құрылыстарды кезеңді есепке алу, есептілікті жасау;
3) көше жолдарын күтіп ұстау мен ағымдағы жөндеу кезінде сапаны бақылауды ұйымдастыру, бақылау жүйесін жетілдіру және жол-жөндеу жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету, сапаны бақылауды аспаптық қамтамасыз ету.
2. Көшелерді күтіп ұстау
13. Көше жолдары мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау жұмыстары жыл бойы үздіксіз жүзеге асырылады.
14. Көше жолдары мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау жұмыстарын уақтылы жүргізу мақсатында оларды көзбен көріп тексеру патрульдеу арқылы жүзеге асырылады.
15. Қаржыландырудың бекітілген нормативіне сәйкес, күтіп ұстауға арналған қаражаттардың шегінде, ақаулардың ведомосі бойынша тексерілген көше нәтижелерінің негізінде жоспарланатын, көше жолдары және ондағы құрылыстарының зақымдарын алдын алу және түзету бойынша жұмыстарды орындау көзделеді.
16. Көше жолдарын күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жыл бойы көлік құралдарының үздіксіз, қауіпсіз және жайлы қозғалысы қамтамасыз етілуі қажет.
17. Күтіп ұстау жұмыстары жобалық құжаттаманы жасауды талап етпейді. Оларды қолданыстағы нормативтерге сәйкес, күтіп ұстауға бөлінген қаражат шегінде ақаулықтар ведомосі бойынша жолдарды тексеру нәтижесінің негізінде жоспарлайды.
18. Көше жолдары мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау жұмыстары көктемгі, жазғы және күзгі кезеңде күтіп ұстау, қысқы күтіп ұстау, көшелерді көгалдандыру және өзге жұмыстарға бөлінеді.
19. Көше жолдарын күтіп ұстау жұмыстарының құрамына меншік иелерінен ақпаратты жинау, өңдеу және күн сайын жыл бойы ұсыну кіреді, соның ішінде:
1) бұқаралық ақпарат құралдарын көше жолдарындағы жол жүрулер туралы ақпараттық қамтамасыз етуді қоса алғанда, көше жолдарындағы жол жүрулер туралы;
2) болған ЖКО туралы;
3) еріген және тасқын суларды жіберу кезіндегі жұмыстар туралы;
4) қысқы уақытта қар тазалайтын машиналар мен механизмдердің жұмысы туралы;
5) ақпараттарды жинау және өңдеу, көше жолдары мен ондағы құрылыстардың көлік-пайдалану жай-күйі туралы деректердің бірыңғай ақпараттық деректер қорына әкімшілік ету және басқару.
20. Көше жолдары мен ондағы құрылыстарды көктемгі, жазғы, күзгі және қысқы кезеңдерде күтіп ұстау кезінде, яғни жыл сайын мынадай жұмыстарды орындайды:
1) көше жолдары мен ондағы құрылыстардың жай-күйін патрульдік қадағалау;
2) жер жамылғысы мен су өткізу жүйесі бойынша:
су өткізгіш жыраларды көктемде қардан, ал жазда қоқыстарды утилизациялауға тиеу, шығару және беру арқылы жиналған қоқыспен балшықтан тазалау;
жиектердегі, иірімді учаскелердегі кептіргіш науаларды қазу және себу;
жиектерді жоспарлау, шөптермен себу;
шабу және шабылған шөптерді жинау;
шабылған материалдарды утилизацияға тиеу, шығару және беру арқылы жер жамылғысының жиектері мен шеттеріндегі бұталарды шабу және ағаштарды, жабайы өсетін бұталарды жұлу;
материалдар қоспастан жиектер мен себу бермдерін жоспарлау;
бөлек учаскелердегі көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін себу арқылы жиектерді және бермдерді себу, кесу және жоспарлау;
иірімді учаскелерді жою;
опырылған, мүжілген жерлерді және сең шығарындыларын тазалау;
жиектерді себу және бекіту;
бөлек элементтерін ауыстыру және жаңа материалдарды пайдалану арқылы жер төсемі, су бұрғыш, резервтер, қорғаныс, бекіту және реттегіш құрылыстарының жеке бұзылуларын түзету;
көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін материалдарды қосу немесе қоспау арқылы жиектерді және бермдерді кесу және жоспарлау;
3) бөлінген белдеулер бойынша:
су ағысын қамтамасыз ету үшін бөлу жолағын жоспарлау;
бөлу жолағындағы қоқысты жинау, шығару және утилизацияға беру;
шабылған материалдарды тиеу, шығару және утилизацияға беру арқылы жол қозғалысының қауіпсіздігіне ықпал ететін ағаштарды, бұталарды, жабайы өсетін бұталарды шабу және жұлу;
бөлінген белдеулерді шабу және шабылған шөптерді, қамыстарды және қурайларды жинау, тиеу, шығару және утилизацияға беру;
4) күрделі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:
жүру бөлігін тазалау және жуу;
ылғалдың, ауанын, күн радиациясының кіруінен асфальтты-бетонды жабынды тиімді оқшалау үшін жаңартатын сұйықтықты пайдалану, атмосфералық ықпалдың әсерінен бұзылған битумды қалпына келтіру, жамылғының суға төзімділігін сақтау және қалпына келтіру;
жарықшақтарды құю;
шұңқырларды жою, жарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді бітеу, жиектерді тегістеу;
жергілікті учаскелердің төсемдеріндегі иірімдерді жою;
төсемдегі шорлар мен қауіпті тегіссіздікті кесу, тозу қабатын кейіннен кедір-бұдыр негізді өндеу арқылы ойыстарды бітеу;
жүру бөлігін белгілеу;
асфальтобетон жамылғыларында жарықшақтарды жөндеу және толтыру;
апатты-қауіпті учаскелерді маршруттық тәсілмен жөндеу (иірімдерді жою, негіз және жабынды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бітеу, тегістейтін қабатты қондыру, жиектерді бекіту, жабындарды үстіртін өңдеу);
көше жолдарына маршруттық тәсілмен жөндеу жүргізу кезінде жолдарды күтіп ұстау, сондай-ақ маршрут бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақаулықтарды жою жұмыстары, оның ішінде жергілікті учаскелерде жол төсемінің тегістілігін қалпына келтіретін жөндеу жұмыстары кешені, оның ішінде ресайклинг әдісімен жүргізіледі. Жөндеудің маршруттық тәсілі кезінде жөндеу жұмыстары бағдардың барлық ұзындығында аралас, жергілікті учаскелердегі жол төсемінің маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады.
Жұмыстар тиісті ақаулықтарды жою үшін қабылданған жұмыстар технологиясы және ақаулықтар ведомосі негізінде қолданыстағы ережелерге сәйкес ресімделген атқару сметалары бойынша жолдарды күтіп ұстауды жүргізетін жол ұйымдарының күштерімен орындалады;
5) жетілдірілген жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:
тұтқыр материалдары көп учаскелерді күтіп ұстау;
жарықшақтарды құю;
шұңқырларды жою, жарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді бітеу, жол учаскесінің жиектерін тегістеу;
жүру бөлігін белгілеу;
апатты-қауіпті учаскелерді маршрутты тәсілмен жөндеу (иірімдерді жою, негіз және жабынды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бітеу, тегістейтін қабатты қондыру, жиектерді бекіту, жабындарды үстіртін өңдеу);
көше жолдарына маршрутты тәсілмен жөндеу жүргізу кезінде жолдарды күтіп ұстау, сондай-ақ бағдар бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақаулықтарды жою жұмыстары, жергілікті учаскелерде жол төсемінің тегістілігін қалпына келтіретін, қамтитын жөндеу жұмыстары кешені, оның ішінде ресайклинг әдісімен жүргізіледі. Жөндеудің маршрутты тәсілі кезінде жөндеу жұмыстары бағдардың барлық ұзындығында аралас, жергілікті учаскелердегі жол төсемінің маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады.
6) өтпелі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:
төсемді балшықтан тазалау;
төсемді сумен шаңсыздандыру;
материалдар қосу арқылы төсемді кескіндеу және нығыздау;
төсемдерге тас үгінділері мен иленділерді үю, катундарды жинау;
шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарын қалпына келтіру.
7) топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жүру бөлігі бойынша:
материалдарды қосу арқылы пайда болған шұңқырлар, сораптар, басқа тегіссіздіктерді жою үшін төсемді кескіндеу;
ірі тегіссіздіктер пайда болғанға дейін жүргізілетін профилактикалық іс-шаралары;
көше жолдарын хлорлы кальций, битум және басқа материалдармен шаңсыздандыру;
көше жолдарының кепкен учаскелерін күтіп ұстау, уақытша қоршау, ауа науаларын орналастыру және себу, жол төсемі мен жер жамылғысының үстінен су өтуін қамтамасыз ету;
8) жолдардың жағдайы және абаттандыру, қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектілері бойынша:
шу жолақтары, шудан қорғау экрандарын салу және жөндеу;
жетіспейтін белгілерді, қоршауларды орнату, бұзылуларды түзету, жол белгілері мен қоршаулардың қалқандарын толық ауыстыру, панноларды орнату және жөндеу, бордюрлік тастарды орнату және жөндеу, жолды жайғастыру элементтерін қалпына келтіру;
сәулет безендірулері мен абаттандыру элементтерінің жеке бұзылуларын және ақаулықтарын жөндеу;
қоршауларды және сигнал беру бағандарын, белгілерді, қалқандарды үнемі тексеру, бекіткіштерін тарту, қалқандарды түзету, шаң мен балшықтан тазалау, жуу;
автобус аялдамаларын кезеңді тексеру, шаңнан, балшықтан және қоқыстан тазалау, жуу;
қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру құралдарын күтіп ұстау, күту және жарамдылығын қадағалау;
жүру бөлігін және жиектерді бөтен, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заттардан тазалау;
жолдарды, көпірлерді, жол өткізгіштерді, үңгі жолдарды, көлік айрықтарын паромдық өткелдерді және басқа жол құрылыстарын электрмен жабдықтау желілерін тазалықта және ретке келтіріп ұстау, істен шыққан шамдарды, шамшырақтарды, сымдарды, кабельдерді, трансформаторларды, жарық тіреулерін және басқа электрмен жабдықтау элементтерін ауыстыру және жаңаларын монтаждау, трансформаторларды техникалық байқау, радио байланысын, технологиялық және сигнал беру байланысының басқа құралдарын, кабель желілерін, сондай-ақ, бағдаршам объектілерін, қозғалысты ұйымдастыру, олардың қызмет етуі үшін байланыс каналдарын жалға алуды қоса алғанда, қозғалысты диспетчерлік және автоматтандырып басқару құралдарын тазалықта және ретке келтіріп ұстау;
автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг үшін өлшеу құралдарын, жабдықтарды және бағдарламалық қамтуды қондыру, жөндеу және күтіп ұстау;
көше жолдарын күтіп ұстау және жөндеуді жүзеге асыратын көлік құралдарының қозғалысын бақылауға арналған навигациялық жүйелерді күтіп ұстау, қондыру және пайдалану;
жүру бөлігіне «мысық көз» жол маркерін қондыру (қажет болған жағдайда);
қолданыстағы көше жолдарына жол қоршауларын, аялдама павильондарын, сервис павильондарын, кіші архитектуралық пішіндер, тікұшақтарға арналған ұшу-қону алаңдары, демалыс алаңдарын және жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарын ескере отырып, жүргізушілер мен жолаушылардың пайдалануы үшін жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында ауыспалы-жылдамдық жолақтарын салу және қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемдері техникалық құжаттамамен белгіленеді;
9) жасанды құрылыстар бойынша:
жүру бөлігінің жиектас қоршауларына белгі қою;
тапсырыс берушінің нұсқамасы бойынша жол қауіпсіздігін негізге ала отырып, сүйеулер мен тосқауыл қоршауларының бұзылуларын түзету және қондыру;
көпірлердің металлды элементтерінің сүйеу қоршауларының бояу қабатын (бояма) жергілікті қалпына келтіру;
жүру бөлігінің жиектас қоршауларына белгі қою;
автожолдары үстіндегі жол өткізгіштерінің маңдай алды арқалықтарының астына тік белгілер қою;
көше жолдарының үстіндегі жол өткізгіштерінің тіректеріне тік белгілер қою;
жинау техникасы өткеннен кейін тротуарлар бойындағы жүру бөлігін балшық пен бөтен заттардан тазалау;
қар тазалайтын техника өткеннен кейін тротуарлар бойындағы жүру бөлігін қар мен мұздан тазалау;
су қайтаратын түтіктерді балшықтан, тастардан және қардан тазалау;
салындылардан болған деформациялық жіктерінің су қайтаратын науаларын тазалау;
қабаттарды ашық типті деформациялық жіктерге алмастыруға арналған ойықтарды балшықтан тазалау;
ашық типті деформациялық жіктердің күрделі құрылыстарының механизмдерін тазалау және майлау;
тротуарларды балшықтан, қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазалау;
суды жіберуге арналған тротуарлар блоктарындағы терезелерді тазарту;
көпірдің тротуарлар мен жүру бөлігінің арасындағы тосқауыл қоршауларының қисық сызықты білеуінің астындағы кеңістікті балшықтан, қардан және мұздан тазалау;
сүйеніш, тосқауыл қоршауларын, жол белгілерін кір мен қардан тазалау;
арқалықтардың үстін кірден, үйілген топырақтан, өсімдіктерден тазалау;
арқалықтардың тірек тораптарын жуу;
тірек бөліктерін қардан, кірден тазалау;
тірек бөліктерінің жұмыс істейтін үстіне графитті композицияны жағу;
темір тірек бөліктері бекіткіштерінің бұрандамаларын тарту;
тіректердің бастарын және фермалық алаңдарды қоқыс пен кірден, қар мен мұздан тазалау;
конустар мен еңіс бекіністерін кірден, шөптен және бұталардан тазалау;
тіректерде және мұзкескіштерде мұзды кесу;
сең жүру және тасқын суларды өткізуді ұйымдастыру;
байқау құралдарын (баспалдақтар, арбашалар) тазалау;
көпір құрылыстарын ағымдағы және кезеңді тексеру;
қоқысты және кесілген материалды утилизацияға тиеу, шығару және беру арқылы көпір аймақтарынан арақашықтығы 15-25 метрдегі, ағыны бойынша жоғары және төмен бұталы өсімдіктерді жою және ағаштарды шабу, көпір астындағы аймақтарды санитарлық тазалау;
темір-бетон құбырларының аралықтарын лай мен балшықтан тазалау;шағын көпірлер мен құбырлардың аралықтарын күзде жабу және көктемде ашу;
құрылыстардың жеке элементтерін (тірек бөліктері, сүйеніштер, тосқауыл қоршаулары, төсеніштер, діңгектер, тіреуіштер, дуал қабырғалары, құрғату құрылғылары және тағы басқа) қондыру, ауыстыру және жөндеу;
көпірлердің темір элементтерін жергілікті сырлау;
көпірлердің, жол өткізгіштердің жүру бөлігіндегі төсемін шұңқырлы жөндеу, төсемдегі жарықшақтарды бітеу;
деформациялық жіктерді ұсақ жөндеу;
деформациялық жіктерді ескі шайырдан алдын ала тазалай отырып шайыр құю;
деформациялық жіктердің аймағындағы немесе жіктің үстіндегі төсемді алмастыру;
тротуарлардың асфальт-бетон жабынындағы жарықшақтар мен еңістерді бітеу;
тротуарлардың асфальт-бетон жабынындағы жарықшақтар мен еңістерді бітеу;
үйінділердің шайылған жергілікті жерлерін және реттеу құрылыстарын жою;
үйінді мен көпірдің жанасқан жерлеріндегі шайылуларды себу, осы жерлердегі суды бір уақытта жою;
тіректердегі шайылу шұңқырларын бітеу;
10) қысқы күтіп ұстау қосымша жұмыстарына жататындары:
тайғаққа қарсы материалдарды әзірлеу;
тайғаққа қарсы материалдарды дайындау;
көшелерді патрулдік қардан тазалау, жолдарды қарлы борасындардан аршу, жолдардың жүру бөлігін қарлы жамылғыдан тазалау, жиектерден, еңістерден және резервтерден қарлы дуалдарды жою;
жүру бөлігін фрикциялық, химиялық және басқа да тайғаққа қарсы материалдармен өндеу және оларды кейіннен жүру бөлігінен қажетті уақыттан кейін тазалау;
автобус аялдамаларын, павильондарды, демалыс алаңдарын және жол қызметі объектілерін қар мен мұздан жүйелі түрде тазалау;
мұз басумен күрес;
тайғақ жамылғысы бар учаскелерде қысқа уақыт әрекет ететін жол белгілерін орнату;
ауыр ауа-райы жағдайларында жол-жөндеу қызметі жұмысшыларының қатарынан және жол техникасын тәулік бойы күзетуді ұйымдастыру.
21. Көше жолдарын көгалдандыру қарлы және құмды борасындардан, мүжілуден қорғау және сәулеттік-көркемдік безендіру үшін орындалады. Көгалдандыру өндірістік базалардағы орман ағаштарын, жасыл өсімдіктерді, көлік айрықтарындағы гүлзарларды, гүл бақшаларын, газондарды күтуді, оларды жасау, қалпына келтіру және сәнді безендіруді құрайды.
22. Ағаш отырғызуды күтуге мынадай жұмыстар жатады:
жер қыртысын күту (трактормен культиваторлау, қатарлардағы жер қыртысын қопсыту, арам шөптермен химиялық күрес);
көше бойындағы өсімдіктердегі зиянкестермен және аурулармен күресу;
өндірістік базаларда жаңа өсімдіктер отырғызу, қазіргі жасыл өсімдіктерді суару және күту.
23. Ағаш отырғызу, қалпына келтіру және сәнді безендіруге мынадай жұмыстар жатады:
ағаш отырғызуға, питомниктерге жер қыртысын дайындау, сәнді безендіру және көшеттерді өсіру;
орман алқаптарын салу және соның ішінде өндіріс базаларын сәнді безендіру;
орман алқаптарын толықтыру мен отырғызу және сәнді безендіру;
құдықтарды, ұңғымаларды, суаратын су құбырларын және құрғату орларын салу.
24. Айрықтардағы гүлзарларды, гүл бақшаларды, газондарды және сәнді өсімдіктерді күтуге мынадай жұмыстар жатады:
жер қыртысын дайындау;
көшеттерді өсіру;
отырғызу, суару және отау;
арам шөптерді жинау;
күзде біржылдық өсімдіктерді жинау.
25. Өзге жұмыстарға жататындары:
көшелер мен ондағы құрылыстарды күзеттік, оның ішінде мамандандырылған және өрт күзеті;
көшелердің жай-күйін және жол жүруді анықтау мақсатында көше жолдарын патрульдеу, ұсақ жұмыстарды орындау (жол белгілерін түзету, жүру бөлігі мен жиектерден жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бөтен заттарды жинау), жолдарда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету;
көше бойы жолақтарында карантиндік өсімдіктермен және зиянкестермен химиялық және механикалық күрес.
Көшелер мен ондағы құрылыстарды ағымдағы жөндеу
26. Көшелер ағымдағы жөндеу - маршруттық тәсілмен орындалатын, бұзылған учаскелерді жөндеу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, бүкіл жыл бойы жүргізілетін, көше жолдарында авариялық жағдайлар, ақаулар туындауының алдын алу, сондай-ақ көше жолын шұғыл қалпына келтіру тәртібімен орындалатын жұмыстар кешенін қарастырады.
Қаржыландыру нормативтеріне сәйкес ағымдағы жөндеуге бөлінген қаржы шегінде ақаулықтар ведомость бойынша көше жолдарды тексеру нәтижелері негізінде жоспарланады.
Жұмыстарды маршруттық тәсілмен орындау кезінде жұмыстарды сметалық есептер негізінде орындауға жол беріледі. Мүмкін болатын үдеудің және олардың аса маңызды бұзылуларға айналуының алдын алу мақсатында ағымдағы жөндеу шеңберінде ақаулықтар мен бұзылуларды жою жұмыстарын толығымен орындамауға жол берілмейді.
27. Көшелер мен ондағы құрылыстарды ағымдағы жөндеу кезінде мынадай жұмыстар орындалады:
1) жер төсемі және су қайтарғыш бойынша:
дымқыл және қар борайтын жерлердің жер төсемінің ұзақтығы бойынша учаскелерін көтеру және кеңейту, иірім учаскелерді жою;
қолданыстағы су бұрғыш жыраларды тазалау, қоқыс тастайтын жерге қоқыстарды тиеу және шығару, жаңа жыраларды қазу, үйінділер мен қуыстар жиектерінің бұзылуларын түзету және құламаларын азайту, құрғату, қорғау және бекіту құрылғыларын, су бұрғыш құрылғыларды және көпірлер мен құбырлардың бұру арналарын түзету;
тұрақты шымды жабынды құру бойынша қажетті агротехникалық іс-шараларды жүргізу арқылы жер төсемі мен резервтердің жиектерін шөппен себу, опырылған, мүжілген жерлерді, сең шығарындыларын тазалау;
жиектерді себу, кесу, жоспарлау және бекіту;
2) жасанды құрылыстар бойынша:
тротуарлардағы ақаулық жіктерді алмастыру;
үйінділер мен жанасқан шеткі тротуарлық тақталарды алмастыру;
болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін ішінара алмастыру;
ақаулық жіктердің астындағы су бұрғыш науаларды қалпына келтіру;
су бұрғыш түтіктерді жөндеу (түтіктерді өсіру немесе қосымша түтіктерді салу);
тротуарға гидрооқшаулаудың жанасқан жерлеріндегі төсемнің жіктерін салу және оларды шайырмен құю;
су бұрғыш түтіктердегі оқшаулануды жөндеу;
тротуар блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;
тротуар тақталарының сынған жерлерін жою;
тротуарларға асфальттібетон жабу немесе оқшаулау;
жаңа анкер мен сүйеніштердің тіректеріндегі бекіткіштердің тораптарын алмастыру;
көпірлерде күрделі емес жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерін, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерін ауыстыру, қалауын, жер жамылғысымен жанасуларды түзету және тағы басқа);
көпірдің жүру бөлігіндегі төсемді қалпына келтіру немесе алмастыру;
гидрооқшаулауды жөндеу;
жаяу жүргіншілер жолдарын, сүйеніштерді, жиектастарды жөндеу және алмастыру;
жарықшақтарды беттік герметизациялау, қуыстарды, сынықтарды бітеу, көпірдің темір-бетон элементтерінің қорғау қабатын қалпына келтіру;
тіреуіштер мен реттеу құрылыстарының шұңқырларын жою;
тойтармаларды аса төзімді бұрандамаларға алмастыру;
қаптау жіктерін сөгу, жарықшақтарға ерітінділерді егу;
құрылғылардағы жарықшақтарды бiтеу, қалаңдыларды, сылақтарды жөндеу, тойтармаларды ішінара алмастыру;
жыралар арқылы өтпелi және көшпелi көпiрлердi ауыстыру және түзету;
аспалы көпiрлердiң, паромдық өтпелердiң және айлақ құрылғыларын (тығындау, қаптаманы жөндеу, такелажды түзету және тағы сол сияқты);
ашпаларға қарай өтпелi тақталардың тораптарын герметизациялау;
деформациялық жiктердiң ағуын бұрандамаларды тарту арқылы жою;
сырғанау тақталарының деформациялық жiктерiн дәнекерлеу (олар жұлынып қалған жағдайда), жетiспейтiн серiппелердi орнату;
деформациялық жiктердiң механизмдерi мен құрылғыларын ұсақ жөндеу;
тығындауы бар құбырлардың гидрооқшаулануын жөндеу және олардың буындары мен бөлiктерi арасындағы жiктердi бiтеу;
жеке тойтармаларды алмастыру, темiр аралық құрылыстар элементтерiнiң ұсақ ақаулықтарын түзету;
3) қозғалыс, байланыс, жарықтандыруды ұйымдастыру объектiлерiне жолдарды салу және жайластыру бойынша:
жол учаскелеріндегі жаяу жүргіншілер жолдарын, оның ішінде жол үстіндегі өтпелерін жөндеу және жаңаларын салу;
шығу және кіру жолдарын, жазғы және трактор жолдарын жөндеу;
сигнализацияны, жол қозғалысын ұйымдастыру объектілерін (бағдаршамдар, электронды және жол белгілері, ақпараттық таблолар), байланыс және жарықтандыру құралдарын жөндеу.
28. Қауіпті ақаулықтарды және елеулі деформацияларды және жергілікті учаскелердегі жол төсемінің бұзылуларын жою кезінде негiздiң қабаты үшiн алынған материалды кейiннен пайдалану және төсемнiң жаңа қабатын салу арқылы қауiптi деформациялар мен тегіссіздіктерді жою мақсатында төсемнiң енi бойынша жергiлiктi жерлерге қайлау жасалады.
Көшелер мен ондағы құрылыстарды орташа жөндеу
29. Орташа жөндеу жолдар мен ондағы құрылыстардың алғашқы пайдалану сапасын қалпына келтірумен байланысты жұмыстарды кезеңді орындауды көздейді.
30. Орташа жөндеу кезінде жол жамылғысының тозған қабатын және тегістілігін кезеңді қалпына келтіру, сондай-ақ жер төсемінің, су бұрғыштардың, жасанды, қорғау, бекіту, реттеу және басқа жол құрылыстарының бұзылуларын түзету жүргізіледі.
31. Көшелер мен жол құрылыстарын орташа жөндеу кезінде мына жұмыстар орындалады:
1) жер төсемі және су бұрғыш бойынша:
дымқыл және қар борайтын жерлердің жер төсемінің ұзақтығы бойынша учаскелерін көтеру және кеңейту, иірім учаскелерді жою;
қолданыстағы су бұрғыш жыраларды тазалау, қоқыс тастайтын жерге қоқыстарды тиеу және шығару, жаңа жыраларды қазу, үйінділер мен қуыстар жиектерінің бұзылуларын түзету және құламаларын азайту, құрғату, қорғау және бекіту құрылғыларын, су бұрғыш құрылғыларды және көпірлер мен құбырлардың бұру арналарын түзету;
жиектерді себу, кесу, жоспарлау және бекіту;
2) жол жамылғылары бойынша:
жетілдірілген қоспаларды қолданумен үстіңгі қабатты өндеу;
жетілдірілген төсемнің тозған жоғарғы қабаттарын қалпына келтіру және қолданыстағы жол жамылғысын бөлшектеу және қажетті жағдайда қабатты тегістейтін және үстіңгі қабатқа немесе жөнделетін учаскенің барлық ұзындығына тозу қабатына өндеу жүргізу арқылы жеке және иірімді учаскелерде жол жамылғысын салу;
асфальттібетон қоспасының қажетті мөлшерін қосу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қалпына келтіру;
жаңа материалдардың қажетті мөлшерін қосу арқылы және жол жабындарының негізін салу үшін алынған материалдарды, кейіннен оның үстіне асфальттібетон қабатын немесе тозу қабатын төсеу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да деформациялары мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қайлау және қалпына келтіру;
жаңа материалдарды және жұмыс өндірісінің технологияларын қолдану арқылы тәжірибелік учаскелерді салу және оларға мониторинг жүргізу;
жиналмалы темір-бетон төсемдері бойынша:
тозған тақталарды алмастыру, темір-бетон төсемдерінің жеке тақталарын көтеру немесе тегістеу;
қорғау қабатын салу, үлкен ұзақтықтағы темір-бетон тақталарының және цемент-бетон төсемдерінің жапсарларын жөндеу, жеке учаскелерде асфальт-бетон қабатын салу;
шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарын, сондай-ақ топырақты жолдарды материалдар қолдану арқылы қалпына келтіру;
қиыршықтасты және топырақты жолдардың жүру бөлігін тұтқыр және шаңсыздандыратын материалдармен жақсарту;
вираждарды салу және қозғалыс үшін қауіпті қисықтарда көрінуді қамтамасыз ету;
жөнделетін учаскелердің жүру бөлігін белгілеу;
3) жасанды құрылыстар бойынша:
деформациялық жіктердің астындағы су бұрғыш науаны қалпына келтіру;
су бұрғыш түтіктерді жөндеу (түтіктерді өсіру немесе қосымша түтіктерді салу);
тротуарға гидрооқшаулаудың жанасқан жерлеріндегі төсемнің жіктерін салу және оларды шайырмен құю;
су бұрғыш түтіктердегі оқшаулануды жөндеу;
10 сантиметрден асатын отыру кезінде үйінділердің көпірмен жанасқан тораптарын жөндеу (шағылтасты себу арқылы қосымша төсемнің есебінен тегістеу);
үйінділермен жанасқан шеткі тротуарлық тақталарды алмастыру;жол жамылғысын қалпына келтіру арқылы ауыспалы тақталардың жеке ығысуын жою;
ауыспалы тақталардың астына топырақты оның жуылу кезінде тақталарды ашу кезінде себу;
болаттан жасалған элементтері бар деформациялық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;
жұмыстар жол жамылғысы деңгейінде орындалған кезде шайырлы және резеңке толтыратындары бар жабық типті ақаулық жіктерді алмастыру;
тротуардың ақаулық жіктерін алмастыру;
тротуардың төсемдерін тегістеу, жаңа төсемді салу;
тротуардың блоктарындағы жалпақ саңылаулардың шұңқырларын бітеу, аяқ жолдардың алдын қорғау төсемімен өндеу;
тротуардардың блоктарындағы жекелеген сынықтары мен жарықшақтарын жою;
тротуардың блоктарындағы жапсарларды басу және оқшаулау;
тротуарды қалпына келтіру, жекелеген бұзылған блоктарды күшейту немесе алмастыру;
тротуар тақталарының сынған жерлерін жою;
оқшаулықты салу немесе тротуарға асфальт-бетон төсеу;
жеке секцияларды жөндеу, сүйеніштердің жекелеген тіректерінің анкерлерін күшейту;
барлық ұзындығында немесе көпір құрылысы ұзындығының бөлігінде сүйеніштерді алмастыру;
барлық ұзындығында сүйеніштерді сырлау;
жаңа анкерлері бар сүйеніштердің тіректеріндегі бекіткіштердің тораптарын алмастыру;
бетон құрылымының барлық үстіңгі бетін (тақталар, арқалықтар, аркалар және басқа элементтер) гидрофобизациялау немесе сырлау;
диафрагмалардың жапсарларын жөндеу;
көпірлер мен жол өткізгіштерді жартылай қайта жасау немесе жөндеу, сондай-ақ техникалық құжаттамамен бекітілген жөнделетін жол үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес келетін нормаларға габариттері мен есептік салмақтарын жеткізу арқылы су өткізгіш құбырларды толық немесе ішінара қайта құру;
көпірлерде жеңіл жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерін, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерін ауыстыру, жер жамылғысымен жанасуын, қалауын түзету және тағы басқа);
алдын ала-кернеулі темір-бетон және темір аралық құрылыстардың құрылыс көтермесін бақылау;
көпірдің жүру бөлігіндегі төсемді қалпына келтіру немесе алмастыру;
тротуар блоктарындағы саңлауларды басу, тротуар жолдарына төсемдер салу;
қоршауларды жөндеу немесе қайта жаңарту;
материалдар мен құрылымдарды алмастыру арқылы деформациялық жіктерді жөндеу;
гидрооқшаулауды жөндеу;
жаяу жүргіншілер жолдарын, сүйеніштерді, жиектастарды жөндеу және алмастыру;
көпірдің жүру бөлігіндегі судың бұрылуын жақсарту, су бұрғыш түтіктер мен терезелерді алмастыру;
темір-бетон құрылымдарының алдыңғы бетін гидрооқшаулау, басты арқалықтардың бетін сырлау;
жарықшақтарды беттік герметизациялау, қуыстарды, сынықтарды бітеу, көпірдің темір-бетон элементтерінің қорғау қабатын қалпына келтіру;
құрылыстардың темір аралықтарын тегіс сырлау;
арқалықтардың бір-бірімен байланысуын қалпына келтіру;
құрғатқыш пен су бұрғышты, көпірдің үйіндімен жанасқан жерін өтпелі тақталарды алмастыру арқылы жөндеу;
жер төсемі және реттеу құрылыстары жиектерінің бекіткіштерін жөндеу;
тіреуіштер мен реттеу құрылыстарының маңындағы шұңқырларды жою;
құрылыстардағы темір аралықтардың жеке элементтерін күшейту, фермалары бар көпірлерде торлардың элементтерін түзету;
тойтармаларды аса төзімді бұрандамалар мен алмастыру;
тірек бөліктерінің жобалық қалпын жөндеу және қалпына келтіру;
тіреу алаңдарындағы ағындыларды жөндеу және қалпына келтіру;
қаптау жіктерін сөгу, жарықшақтарға ерітінділерді егу;
аралық құрылыстар мен тіректердің көру құрылғыларын жөндеу және қалпына келтіру;
тіректердің денесін жөндеу;
темір-бетон аралық құрылыстардың шығып тұрған жерлеріндегі тірек бөліктерін күшейту;
құбырлардың жекелеген буындары мен бастарын алмастыру немесе жөндеу, оқшаулануы мен жапсарларын түзету;
сүйеу қабырғаларын, бекіту және реттеу құрылыстарын жөндеу, галереялар мен бастырмаларды, сондай-ақ, олардың жеке элементтерін алмастыру;
4) қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектілеріне жолдарды салу мен жайластыру бойынша:
елді мекендер арқылы өтетін жол учаскелеріндегі қолданыстағы тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу және жаңасын салу;
жаңа жеке қоршауларды салу, жөнделетін учаскелерде жаңа жол белгілерін және сілтеме құрылыстарын орнату және ауыстыру (қалпына келтіру), жеке айрықтарды, демалыс алаңдарын, автокөлік тұрақтарын, көрнекті орындарды сәулеттік безендіру және абаттандыруды қоса алғанда, қоршауларды жөндеу;
шығу және өткел жолдарын, жазғы және трактор жолдарын жөндеу;
сигнализацияны, жол қозғалысын ұйымдастыру (бағдаршамдар, электронды және жол белгілері, ақпараттық таблолар), байланыс құралдары және жарықтандыру объектілерін жөндеу және салу;
жол ақпараттық жүйелерін және кешендерін, жеке жобалау белгілері мен таблоларын, жол қозғалысын диспетчерлік және автоматтық басқару элементтері мен жүйелерін; ауыспалы ақпараты бар автономды және дистанциялық басқарылатын белгілер мен таблоларды, бағдаршам объектілерін қалпына келтіру;
автожолдардың (автопавильондар, тіреу қабырғалары, ақпараттық панно және басқа құрылыстар) салу элементтерін жөндеу;
5) жолдың пайдалану жай-күйін және көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін жұмыстардың басқа түрлері.
5. Көше жолдары мен ондағы құрылыстарды күрделі жөндеу
32. Көше жолдарын күрделі жөндеу жолдың және ондағы құрылыстардың көліктік-пайдалану жай-күйін жоғарылату, атап айтқанда, қолданыстағы жолдың техникалық санатын өзгертусіз жол жамылғысы мен ондағы құрылыстардың мықтылығын ұлғайтумен байланысты кезеңдік жұмыстардың орындалуын көздейді.
33. Күрделі жөндеуге жататын көше учаскелері қызметтің жөндеу аралық мерзімінің негізінде және жол диагностикасының нәтижесінде белгіленеді.
34. Күрделі жөндеу кезінде жекелеген жолдарды жоспарда қалай болса, солай қапталды бойында жөнделіп жатқан жол учаскесінің жалпы ұзындығының ұзақтығы 25 пайызға дейін тіктетуге рұқсат беріледі.
35. Жол пайдалану қызметінің көпірлері мен жол өтпелерін, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстар кешенін қызметтің жөндеу аралық мерзімінің және олардың диагностикалау нәтижелері негізінде күрделі жөндеуге бағытталуына болады.
Күрделі жөндеу кезінде мынадай жұмыстар орындалады:
1) жер төсемі және субұрғыш бойынша:
жер төсемін жөнделетін жол (кеңейту, көтеру, топырақты ауыстыру, көрінуді қамтамасыз ету, дөңгелету радиусын ұлғайту, бойлық еңістерін жұмсарту, тік иіндерін және жалтарыстарын құру) үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес нормаларға дейінгі оның геометриялық параметрлеріне жеткізумен түзету, жекелеген жол учаскелерін тіктету;
жер төсемінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін шоқталған, шөккінделген және опырылған учаскелерді жою, кәріздерді, оқшаулайтын қабатшаларды құру және басқа жұмыстар;
қолданыстағыларды қалпына келтіру және қайта құру, сондай-ақ жаңа қажетті субұрғыш жабдықтарды, жағалық қорғау және эрозияға қарсы құрылыстарды салу;
көшелердегі қиылыстар мен жанасуларда жер төсемі мен субұрғыш жүйесін құру, сондай-ақ аялдамалар, тұрақтар, аялдау павильондары мен тоқталу алаңдары үшін алаңдары жайластыру бойынша жұмыстарды орындау;
көшені күрделі жөндеу бойынша жұмыстар аймағында орналасқан жойылатын жол учаскелерін, жол бойындағы резервтерді қалпына келтіру;
су тасқыны, сел, нөсерлік және басқа табиғат апаттарының салдарын жою;
2) жол жамылғысы бойынша:
жол жамылғысын бір жолақты қозғалыстан арттырмай нығайту (қалыңдату), кеңейту және регенерациялық және қолданыстағы жол жамылғыларын негіз ретінде қолдану арқылы ең жетілдірілген жол жамылғысы түрлерін жабдықтау, сондай-ақ қайта құрылып жатқан (тіктелетін) жол учаскелерінде және елді мекендердің айналма және оларға кіреберісте жаңадан жол жамылғысын құру, көліктік айырығы, инженерлік құрылғыларда, тротуарларда, өту және велосипед жолдарында, автобус аялдамаларында және аялдау алаңдарында, сондай-ақ олардың өту-жылдамдық жолағында жол жамылғысын жабдықтау;
шағылтас пен қиыршық тас жамылғысын, сондай-ақ топырақ жолды жаңа материалдарды қосу арқылы түзету, байланыстыратын материалдармен өту бөлігін жақсарту;
жасанды және табиғи материалдардан жасалған тозған бордюрлерді және жетілдірілген жамылғылар жиектеріндегі бекіту жолақтарын, соның ішінде негізгі жол жамылғысының түрі бойынша ауыстыру және жаңамен жабдықтау;
жол жамылғыларының жаңа құрылымын, жұмыс өндірісі технологияларды және жаңа материалдарды қолдану арқылы тәжірибелік учаскелерді салу және оларға мониторинг жүргізу.
3) жасанды құрылыстар бойынша:
темір көпірінің басты аралықтары мен фермасын дұрыстау және нығайту;
темір аралықтары құрылымын ауыстыру;
көпірдің өтетін бөлігін ауыстыру;
су өткізу құбырын салу және қайта салу;
құбырлардың буыны мен ауызғы бетін ауыстыру және нығайту;
құбырлардың зақымдалған сақиналарын ауыстыру;
жаңа сақина мен ауызғы беті есебінен құбырдың ұзындығын өсіру;
қалқымалы көпірлерді, паром өткелдерін, темір жол өткізулерін тұрақты көпірлер мен жол өтпелерімен ауыстыру;
тіреуіш қабырғаларды, қорғаушы нығайтатын және реттейтін құрылыстарды құру және қалпына келтіру;
қайта салынған және жаңадан салынған көпірлерді сынау;
тау жолдарындағы тоннельдердің құрастырушы элементтерін, қорғау галереялары мен қалқаларын жөндеу және ауыстыру, сондай-ақ уақытша галереялар мен қалқаларды тұрақтыларға ауыстыру;
4) көше қозғалысын, байланысын және жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша жолды жайластыру мен орналастыру:
жолдардың немесе олардың жекелеген учаскелерін архитектуралық безендіру және орналастыру;
аялдамалық алаңдарды жайластыру;
өткізу қабілетін ұлғайту мақсатында көше жолдарында жолақтарды кеңейтуді қоса өткізу пунктін жабдықтау және орналастыру;
қоршаған ортаны қорғау (қазандықта тозаң жұту құрылғысын орнату, су көздерін ластанудан қорғау және басқа жұмыстар) бойынша шараларды жүргізу.