25.07.2016 жылы Ақтөбе-Шұбарқұдық, Ақтөбе- Әлімбет, Ақтөбе- Ойыл, Ақтөбе-Қарабұтақ маршруттары бойынша өткізілетін конкурс туралы хабарландыру

Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы
хабарландыру
«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2016 жылғы 25 шілдеде сағат 10-00, Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр даңғылы 1, («ПОШ» ғимараты) 441 бөлмесі мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тасымалдау маршрутына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеті шығарылады:
Лоттың
Маршруттың атауы
Арақашықтығы, км
1
Ақтөбе – Шұбарқұдық– Ақтөбе
185
2
Ақтөбе – Әлімбет – Ақтөбе
146
3
Ақтөбе – Ойыл – Ақтөбе
275
4
Ақтөбе – Қарабұтақ – Ақтөбе
220
3. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
4. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр даңғылы 1, («ПОШ» ғимараты) 441 кабинеті мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.
5. Конкурстық құжаттардың жиынтығы ақысыз беріледі.
6. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2016 жылдың 8 шілдесі сағат 18-00-ге дейін.
7. 2016 жылдың 28 маусымында сағат 10-00 де конкурстық Комиссия конкурсты өткізу мәселелері жөнінде конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.
8. Анықтама алу үшін телефондар: 8 (7132) 55-76-13.