2016 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы

2
«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-де
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы
Р/с №
Іс-шаралар
Орындалуы
1
Мемлекеттік мекемелер мен ведомствалық ұйымдардың қызметінде жасалған сыбайлас жемқорлық көріністеріне талдау жасау және оларды болашақта болдырмау үшін шаралар қабылдау
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында басқарма басшылығмен құқықтық - түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады.
2
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта жүргізілетін құқықтық ақпаратқа тұрғындардың кеңінен қол жеткізу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша сұрақтардың» мемлекеттік органдарының интернет ресурстарында қол жетімділігін және тұрақты түрде жаңартылуын қамтамасыз ету
Басқарманың ресми интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» терезесі орнатылған және басқарманың әлеуметтік ресми аккаунттарында басқарма басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі жұмысына қатысты халықты толғандыратын сұрақ қою арқылы өз жауаптарын ала алады.
3
«Сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеу тәжірибесін кеңейту
Басқармада қызметкерлердің заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты азаматтардың арыздары мен шағымдары үшін арнайы пошта жәшігі орналасқан.
Лауазымдық қызметін асыра пайдаланған және мемлекеттік қызметкердің қызмет этикасының теріс қылықтары туралы жайларды хабарлау үшін мекемеде 54-45-97 «сенім телефоны» жұмыс жасайды.
4
Сатып алу саласы бойынша құқық бұзушылықтың алдын-алуға қатысты қосымша шаралар өткізу, оның ішінде сатып алу тәртібін өткізу барысында ашықтықты жоғарлату
Тоқсан сайын тұрақты негізде басқарма сайтында құқықтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытты халықтың кең қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат жарияланады, өткізілген конкурстар бойынша ақпарат интернет-ресурсқа салынады.
Басқрма басшысы мен басқарма қызметкерлерінің және мердігерлер мен тасымалдауышлардың қатысуымен сыбайлас жемқорлық көріністерінің деректеріне жол бермеу мәселесі және осы бағыт бойынша жұмысты күшейту бойынша дөңгелек үстел өткізіліп тұрады.
5
«Начни с себя – Өзінен баста» атты республикалық акцияға қатысу
Мекеменің http://zhol.aktobe.gov.kz сайтында бірінші басшының табыс туралы декларациясы бойынша ақпарат орналсақан.
6
Кадрлық саясатты жүргізу, бекітілген квалификациялық талаптарға сәйкес келмеген тұлғаларды мемлекеттік қызметке қабылдамау
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы cтратегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған ішкі ведомствошілік жоспарына сәйкес басқарма қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 22 наурыздағы «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына 2015 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өзгерістер мен толықтырулар және 2016 жылдың 8 шілдеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы түсіндіру, талқылау жұмыстары өткізіліп тұрады.
2016 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік қызметке адамдар қабылданған жоқ.
7
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері орын алған кезде дереу облыс әкімі аппартына хабарлау
2016 жылдың 1 жартыжылдығында басқарманың қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жоқ.
8
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, азаматтық қызметшілердің ар-намыс кодексінің ережелерін сақтау үшін жоғары тұрған органдар мен бақылаушы органдардың есептерін уақтылы (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылдық) тапсыру .
«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-сі, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу 2016 жылғы 5 мамырдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесіне негізделді.
9
Басқармадағы мемлекеттік қызметшілердің кірісі туралы декларацияның тапсырылуы
Басқармадағы мемлекеттік қызметшілердің 2015 жылғы кірісі туралы декларациялары уақытылы тапсырылды.
10
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тиімділігін арттыру мақсатында өзекті мәселелерді қарастыру үшін басқармада жиын-семинарлар өткізу
Басшымен және персоналды басқару қызметімен басқарма қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу туралы апталық кеңестерде талқыланып тұрады.