Ақтөбе облысы әкімдігінің каулысы жобасы

Жоба
Ақтөбе облысы әкімдігінің каулысы
Ақтөбе қаласы № 2016 ж.
Елді мекендердің көшелерін
күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа
және күрделі жөндеу кезінде
орындалатын жұмыстар түрлерінің
сыныптамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37 - баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 13 - бабы 1-1 - тармағының 6-8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 116-ө «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» өкіміне сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы бекітілсін.
2. «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ж.М.Бексарыға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімінің м.а. А.Шериязданов