2016 жылдың 19 желтоқсанында "Ақтөбе-Ырғыз-Ақтөбе","Ақтөбе-Сарыжар-Ақтөбе", "Ақтөбе-Әйтекеби(Қызылорда обл), "Ақтөбе-Ойыл-Ақтөбе" маршруттарына конкурс өткізіледі.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы
хабарландыру
«Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2016 жылғы 19 желтоқсанда сағат 10-00, Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр даңғылы 1, («ПОШ» ғимараты) 441 бөлмесі мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тасымалдау маршрутына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеті шығарылады:
Лоттың
Маршруттың атауы
Арақашықтығы, км
1
Ақтөбе – Айтеке би (Қызылорда облысы)
795
2
Ақтөбе – Ырғыз – Ақтөбе
431
3
Ақтөбе – Сарыжар – Ақтөбе
35
4
Ақтөбе – Ойыл – Ақтөбе
273
3. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
4. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр даңғылы 1, («ПОШ» ғимараты) 441 кабинеті мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.
5. Конкурстық құжаттардың жиынтығы ақысыз беріледі.
6. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2016 жылдың 2 желтоқсаны сағат 18-00-ге дейін.
7. 2016 жылдың 23 қарашасында сағат 10-00 де конкурстық Комиссия конкурсты өткізу мәселелері жөнінде конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.
8. Анықтама алу үшін телефондар: 8 (7132) 55-76-13.