«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту тур

Жоба
Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы
Ақтөбе қаласы № 2017 ж.
«Облыстық және аудандық маңызы
бар жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарына бөлінген
белдеуде, жарнаманы тұрақты
орналастыру объектілерінде сыртқы
(көрнекі) жарнама орналастыруға
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 265 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 529 «Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11327 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 265 «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4465 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 тамызда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ж.М.Бексарыға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев