Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы
хабарландыру
1. «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 6 қазанда сағат 10-00, Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр даңғылы 1, («ПОШ» ғимараты) 441 бөлме, мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тасымалдау маршрутына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
2. Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеті шығарылады:
Лоттың
Маршруттың атауы
Арақашықтығы, км
1
Ақтөбе – Арал (Қызылорда облысы)
633
2
Ақтөбе – Ырғыз – Ақтөбе
431
3
Ақтөбе – Ойыл – Ақтөбе
265
4
Ақтөбе – Мартөк – Ақтөбе
80
5
Ақтөбе – Хазрет – Ақтөбе
80
6
Ақтөбе – Шалқар – Ақтөбе
375
3. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
4. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр даңғылы 1, («ПОШ» ғимараты) 441 бөлме, мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.
5. Конкурстық құжаттардың жиынтығы ақысыз беріледі.
6. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2017 жылдың 21 қыркүйегі сағат 18-00-ге дейін.
7. 2017 жылдың 8 қыркүйегі сағат 10-00 де конкурстық Комиссия конкурсты өткізу мәселелері жөнінде конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.
8. Анықтама алу үшін телефондар: 8 (7132) 55-76-13.