Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Ақтөбе ферроқорытпа зауытына бардыМемлекет басшысы жұмыс сапары барысында зауыттың ферроқорытпа өндірумен айналысатын цехының жұмысымен танысты.Қазақстан Президен

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Ақтөбе ферроқорытпа зауытына бардыМемлекет басшысы жұмыс сапары барысында зауыттың ферроқорытпа өндірумен айналысатын цехының жұмысымен танысты.Қазақстан Президентіне кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 440 мың тонна ферроқорытпа өндіруге жететіні жөнінде баяндалды. Бұл өнім Қытай Халық Республикасына, Еуропа елдері мен АҚШ-қа экспортталады.Ақтөбе ферроқорытпа зауыты – Қазақстан қара металлургиясының ірі кәсіпорындарының бірі. Зауытта 4 балқыту цехы, конвертерлік қорытпа телімі, қалдықты қайта өңдейтін цех пен қосалқы цехтар бар.Нұрсұлтан Назарбаев озық үлгідегі Ultra-Clima инновациялық жүйесінің қолданылуымен салынған жылыжайды аралап көрді.Қазақстан Президентіне осы жобаның көкөністі бүкіл өңірге жеткізу, сондай-ақ оны таяу және алыс шет елдерге экспорттау мүмкіндіктері жөнінде баяндалды. Кәсіпорынның өнімділік қуаты жылына 6 мың тонна көкөніс өндіруге жетеді. «Greenhouse Kazakhstan» жылыжай кешені «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының қолдау көрсетуімен мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған.