Шығыстары Тараптармемлекеттерінің тиісті шекара маңы субъектілерінің бюджеті есебінен субсидиялануға жататын теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды анықтау бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы қаулының Жобасы(9.1.2018

Жоба
Шығыстары Тараптар
мемлекеттерінің тиісті шекара
маңы субъектілерінің бюджеті
есебінен субсидиялануға
жататын теміржол жолаушылар
тасымалын жүзеге асыратын
тасымалдаушыларды анықтау бойынша
конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 13 маусымдағы «1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Шығыстары Тараптар мемлекеттерінің тиісті шекара маңы субъектілерінің бюджеті есебінен субсидиялануға жататын теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды анықтау бойынша конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.
2. «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С.Т.Төленбергеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев