Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы Қаулының жобасы

Теміржол жолаушылар тасымалын
жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын
субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 шiлдедегі № 1114 «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiржол көлiгi кәсiпорындарының мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмдi бекiту туралы» қаулысына сәйкес сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С.Т.Төленбергеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев