Ақтөбе облысының елді мекендерінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы ставкаларын арттыру туралы

Жоба
Ақтөбе облысының елді мекендерінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы ставкаларын арттыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 605 бабының 3 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысының елді мекендерінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес екі есеге арттырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы Айтбаева С.
Облыстық мәслихаттың хатшысы Қалдығұлова С.