Теміржол жолаушылар тасымалынжүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардыңшығыстарын субсидиялау Қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 шiлдедегі № 1114 «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiржол көлiгi кәсiпорындарының мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмдi бекiту туралы» қаулысына сәйкес әзірленген және теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын (бұдан әрі – шығыстар) субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Осы қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады: 1) облыстың уәкілетті органы – Ақтөбе облысының аумағында жолаушылар көлігі саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға Ақтөбе облысының әкімдігімен уәкілеттік берілген облыстық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын атқарушы орган;
2) Ұлттық инфрақұрылым операторы – магистральдық теміржол желісін жаңғыртуды, күтіп-ұстауды, пайдалануды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі заңды тұлға.
2. Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен
байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау тәртібі
3. Субсидиялауға теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстары Ақтөбе облысының бюджеті есебінен субсидиялануға жататын теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын конкурс нәтижесі бойынша айқындалған тасымалдаушылардың шығыстары жатады.
4. Тасымалдаушылардың теміржол жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыру кезіндегі шығыстары тиісті жылға арналған облыстық бюджетте көзделген сомалар шегінде субсидияланады.
5. Шығыстарды жыл сайынғы субсидиялаудың жалпы сомасы Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органымен бекітілген Теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес есептелген тиісті бюджетте қарастырылады.
6. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі субсидиялар мөлшерін облыстық бюджеттің шығыс бөлігіне енгізу үшін есептеуді әр жолаушы поезы бойынша тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып Әдістемеге сәйкес жүргізеді.
7. Субсидиялауға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі «Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» № 545 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13714 болып тіркелген) бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес тасымалдаушының жалпы, плацкарт, купе, дизель және электр поездарының вагондары санаттарымен теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты, сондай-ақ тиісті деңгейдегі бекітілген бюджет аясында жолаушылар поездарының қатынауын (пайдаланылуын) қамтамасыз ету үшін технологиялық қажетті вагондармен тасымалдаудың нақты шығындары жатады.
8. Субсидиялауға тиісті деңгейдегі бекітілген бюджет шегінде мынадай шығыстардың түрлері:
1) магистральды теміржол желісінде көрсетілетін қызметтер шығыстарын, оның ішінде басқа тасымалдаушылардың поездарының құрамындағы тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың жүріс шығыстары;
2) локомотивпен тарту қызметіне шығыстар, оның ішінде локомотивтік бригада еңбек төлемі қорын, поездарды тартуға жанармай және электроэнергияны қоса алғанда тарту жылжымалы құрамын пайдалануға байланысты шығыстары;
3) теміржол жолаушылар тасымалдау кезінде тартылған вагондарды күтіп-ұстауға, олардың вагон бойынша жөндеудің жоспарлы түрлерін, ағымдағы техникалық жөндеу және техникалық қызмет көрсету, амортизациялық бөлектеуді қоса алғандағы шығыстары;
4) теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдауға тартылған вагондарды жалдау шығыстары;
5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 497 бұйрығымен «Теміржол қатынастары бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14002 болып тіркелген) бекітілген теміржол қатынастары бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына сәйкес оларды субсидиялау жағдайларын қоспағанда, қарыздар бойынша қаржылық шығыстарды қоса, теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдау кезінде тартылған вагондарды сатып алуға арналған шығыстар жатады.
9. Теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдаудың маусымдылығына, поездардың қозғалыс кестесінің өзгеруіне және жолаушылар ағынына байланысты ағымдағы қаржы жылына арналған
тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде шартқа қосымша келісім жасау арқылы вагондардың субсидияланатын жүріс көлеміне сәйкес субсидиялар көлемін қайта қарауға жол беріледі.
Жыл сайын субсидиялауға жататын шығыстар көлемі жасалған шарт бойынша бір вагон-километрге субсидия көлемін пропорционалды айқындау және теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау
шартына (бұдан әрі – шарт) сәйкес вагондардың, тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондардың жүрісінің өзгеруі есебімен, вагон-километр көлеміне көбейту жолымен есептеледі.
3. Субсидия төлеу шарттары
10. Теміржол қатынастары бойынша субсидияларды төлеу облыстық бюджеттен қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.
11. Субсидияның жалпы сомасын төлеу әр поезд бойынша тіркемелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып жүзеге асырылады.
12. Субсидияларды төлеу жасалған шартқа сәйкес нақты жүзеге асырылған және осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген есептік құжаттамамен расталған тасымалдау бойынша ай сайын жүргізіледі.
13. Тасымалдаушы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға басшы, бас бухгалтер қол қойған және ұйымның мөрімен куәландырылған мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы ай сайынғы есеп, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жыл басынан бастап өсу қарқынымен теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдарының орындалғаны туралы есеп осы тармақтың 1)-7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарда мазмұндалған көрсеткіштер есебін түсіндіретін жазбаны қоса.
Бұл ретте, субсидияланатын шығыстарды анықтау осы тармақта көрсетілген есептерде ұсынылған тасымалдаушының субсидияланатын шығыстар баптарына іспеттес тасымалдаушының жалпы шығыстарына және вагон жүрісінің жалпы көлеміне пропорционалды жүзеге асырылады;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар актісі;
3) теміржол қатынастары бойынша орындалған тасымалдар көлемін растайтын және тасымалданған жолаушылар, түрлері бойынша вагондар саны, жолаушылар айналымы, поездардағы вагондардың адамдармен толығуы туралы мәліметтерді қамтитын Ұлттық инфрақұрылым операторы мен тасымаудаушының құжаттары;
4) тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторы, локомотивтік тарту операторы арасындағы есептілік кезеңінде әр айдың біріндегі жағдай бойынша өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі;
5) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстар тізілімі;
6) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияланатын бағыттардың тізілімі;
7) теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдау кезінде тартылған вагондарды, олардың жоспарланған жөндеу жұмыстарының түрлері мен техникалық қызмет көрсетуді қоса, жалдау, сатып алу және күтіп-ұстау шығыстарын растайтын құжаттар.
14. Теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдау кезінде тартылған вагондарды, олардың жоспарланған жөндеу жұмыстарының түрлері мен техникалық қызмет көрсетуді қоса, жалдау, сатып алу және күтіп-ұстау шығыстарын растайтын құжаттарға мыналар жатады:
1) тасымалдаушы мен жөндеу (күрделі жөндеу жұмыстары, деполық жөндеу, тиімді пайдалану мерзімін ұзартумен күрделі жөндеу және күрделі қалпына келтіру бойынша жөндеу) және жасалған шартта көрсетілген 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8 көлемдерде техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ вагондарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдар арасында есепті кезеңде әр айдың біріндегі жағдай бойынша өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі;
2) тасымалдаушы мен шартта көрсетілген вагондарды жалға алу жөніндегі қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасында өзара есеп айырысуларды (есепті кезеңде әр айдың біріндегі жағдай бойынша) салыстыру актісі;
3) вагондарды жалдау, сатып алу және күтіп-ұстау шығыстары бойынша шот-фактуралар, амортизацияны есептеу және оны есептілік кезеңіндегі шығыстарға жатқызу ведомостісі, электрэнергиясы мен дизель отынына шығыстар бойынша орындалған жұмыстар актілері және шот-фактуралар;
4) вагондар сатып алынған ұйымның төлем есептері 7 банкі күн ішінде ұсыныла отырып (субсидиялау сомасы тасымалдаушының есепшотына аударылғаннан кейін) вагондарды сатып алу туралы төлем шоттарының түпнұсқалары;
5) вагондарды сатып алу туралы несие шарттарының ай сайынғы төлем кестесі және жасалу шамасына орай ұсынылатын қосымша келісімдерді қоса қаржылық лизинг шарттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
16. Облыстың жергілікті атқарушы органы осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды тасымалдаушы ұсынған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде орындалған жұмыстар актілеріне қол қояды және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес есептік кезеңдегі шығыстар тізілімін және төлем шоттарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органына ұсынады.
Правила конкурса, kaz.docx