Шығыстары Тараптар мемлекеттерінің тиісті шекара маңы субъектілерінің бюджеті есебінен субсидиялауға жататын теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша конкурс өткізу Қағидалары

15
1. Жалпы ережелер
1. Шығыстары Тараптар мемлекеттерінің тиісті шекара маңы субъектілерінің бюджеті есебінен субсидиялауға жататын теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 шiлдедегі № 1114 «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiржол көлiгi кәсiпорындарының мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмдi бекiту туралы» қаулысына сәйкес әзірленген және Шығыстары Тараптар мемлекеттерінің тиісті шекара маңы субъектілерінің бюджеті есебінен субсидиялауға жататын теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) конкурстық өтінім – Конкурсты ұйымдастырушыға конкурсқа қатысушы ұсынған, Конкурсты ұйымдастырушының және осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын қоса отырып, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген өтінім;
2) Ұлттық инфрақұрылым операторы – акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін заңды тұлға;
3) Ұлттық жолаушылар тасымалдаушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, оның ішінде арнайы және әскери тасымалдауларды орындайтын заңды тұлға;
4) Конкурсты ұйымдастырушы – Ақтөбе облысының бюджетінен қаржыландырылатын, Ақтөбе облысының әкімдігі теміржол көлігімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға уәкілеттік берген атқарушы орган.
2. Конкурсты өткізу тәртібі, конкурстық құжаттаманы әзірлеу мен бекіту тәртібі және комиссияны құру
3. Конкурс субсидиялау туралы шарт мерзімі өткен және мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда өткізіледі. Бұл ретте, конкурс Шығыстары Тараптар мемлекеттерінің тиісті шекара маңы субъектілерінің бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға және тасымалдаушымен теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыру құқығына өткізіледі.
4. Конкурсты өткізу туралы шешім Конкурс ұйымдастырушымен осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес конкурстық құжаттаманы бекіту жолымен қабылданады.
5. Конкурсты өткізу туралы шешімді қабылдағаннан кейін конкурс ұйымдастырушының интернет-ресурсы арқылы тиісті конкурс өткізу туралы хабарландыру (бұдан әрі – хабарландыру) беріледі. Хабарландыру конкурс өткізілген күнге дейін күнтізбелік 15 күннен, сондай-ақ қайта өткізілген жағдайда күнтізбелік 7 күннен кешіктірілмей беріледі. Конкурс субсидиялау туралы жасалған шарттардың мерзімі аяқталуына дейін күнтізбелік 60 күннен кешіктірілмей өткізіледі.
6. Конкурс өткізу туралы хабарланғаннан кейін конкурсқа қатысуға ниет білдірген тасымалдаушылар осы Қағидаларға сәйкес Конкурс ұйымдастырушының атына конкурстық өтінімдерді ұсынады.
7. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау өтінімдерді тіркеу журналына (тігілген, нөмірленген, комиссия хатшысымын қол қойылған және мөрмен бекітілген) енгізу жолымен комиссия хатшысымен жүзеге асырылады және конкурстық өтінімдерді ашу күніне дейін күнтізбелік бір күн ішінде аяқталады.
8. Конкурстық құжаттама Конкурс ұйымдастырушысымен әзірленеді және бекітіледі және мыналардан тұрады:
1) хабарландыру;
2) лоттар бөлігінде теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырудың негізгі шарттары (бұдан әрі – жолаушыларды тасымалдаудың негізгі шарттары);
3) теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалын дамытудың негізгі шарттары (бұдан әрі – тасымалдаудың негізгі шарттары);
4) жылдар және лоттар шамасындағы теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығыстарын субсидиялаудың жоспарланған көлемі және теміржол қатынасы бойынша жолаушылар тасымалы қызметіне бағаның (тарифтердің) шекті деңгейі (бұдан әрі – субсидиялаудың жоспарланған деңгейі және бағаны жоғарылатудың шекті деңгейі);
5) жылдар және лоттар бөлігінде тіркемелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, теміржол қатынастары бойынша жолаушылар айналымының жоспарланған көлемі (бұдан әрі – жоспарланған жолаушылар айналымының көлемі).
9. Конкурсқа шығарылатын лоттар теміржол қатынастары бойынша қатынауға жоспарланған поездар бойынша құрылады. Тіркемелі және тікелей қатынайтын вагондар бойынша лоттар теміржол қатынастары бойынша жол жүру кезінде оларды тіркеу бірінші жоспарланған құрамға поезбен бір лотта құралады.
10. Теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыру мерзімі халықтың осындай тасымалдауға тәуелділігіне байланысты бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімде Конкурсты ұйымдастырушы анықталады.
11. Конкурсқа арналған конкурстық құжаттамасы Конкурс ұйымдастырушының бірінші басшысымен, не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы тұлғамен бекітіледі.
12. Конкурсты өткізуді қамтамасыз ету, қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қарастыру және жеңімпазды анықтау үшін комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады. Комиссия құрамы Конкурс ұйымдастырушының бірінші басшысымен, не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы тұлғамен бекітіледі, бұл ретте комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және үш адамнан кем болмауы тиіс. Комиссияны комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады. Комиссия хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды және комиссиямен шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы жоқ.
13. Конкурс ұйымдастырушыға өтеусіз негізде жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтер ұсыну бойынша жұмыс тәжірибесі бар өзге де мамандарды сарапшылар ретінде жұмыс істеу үшін тартуға рұқсат етіледі. Сарапшы комиссияның мүшесі болып табылмайды және комиссия шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы жоқ.
14. Сарапшылар қатысушылардың конкурстық өтінімдерінің конкурстық құжаттама талаптарына, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келуіне сараптамалық қорытынды береді. Сарапшылардың қорытындысы ұсынылған конкурстық өтінімдерді салыстыру және бағалау, жеңімпаздарды анықтау кезінде ескеріледі. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшылар қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.
3. Тасымалдаушыларға және ұсынылған құжаттарға қойылатын талаптар
15. Конкурсқа қатысу үшін Конкурс ұйымдастырушының атына мынадай құжаттар ұсынылады:
1) конкурсқа қатысуға өтінім;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес алынған жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі туралы анықтаманың немесе нотариалдық куәландырған куәліктің көшірмесі;
3) нысан бойынша конкурсқа мәлімделген лоттар бойынша меншіктегі және (немесе) сенімгерлік басқарудағы, мүліктік жалдау немесе өзге де заңды негіздемелермен пайдаланатын теміржол жолаушылар вагондар паркісімен қамсыдандыру туралы тасымалдаушының ұсыныстары;
4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 «Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 болып тіркелген) жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу Қағидаларының 7-қосымшаға сәйкес жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктерінің нотариалдық куәландырылған немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған көшірмелері;
Бұл ретте, үлгiлерi (жалпы, плацкарт, купе) бойынша көрсетiлген жолаушылар вагондарының саны талап етiлетiн вагондар санынан кемiнде 30 %, ал электр-дизель поездар вагондарының саны – 100 % құруы тиiс;
5) қызмет көрсетудің бірінші жылының соңына дейінгі мерзімде ұсынылған конкурсқа мәлімделген, тасымалдаушының меншік құқығын немесе жолаушылар теміржол жылжымалы құрамын жалға алуын растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырған көшірмелері;
6) конкурсқа мәлімделген теміржол жолаушылар вагондарына техникалық куәліктердің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер және/немесе шарттың мерзімін ұзартуға арналған өтінімдерді Конкурсты ұйымдастырушының қабылдау күнінің алдындағы бір айдан астам мерзімге салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы бірінші басшының немесе қол қою құқығы бар (осы құқығын растайтын тиісті құжатты қоса ұсыну) тұлғаның қолы қойылған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 болып тіркелген) дербес шоттарды жүргізу Қағидаларының 18-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша мәліметтер;
8) лоттар шамасындағы жолаушылар тасымалдаудың негізгі шарттарын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;
9) дамытудың негізгі шарттарын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;
10) жоспарланған субсидиялаудың көлемін және бағаның жоғарылауының шекті деңгейін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;
11) жолаушылар айналымының жоспарланған көлемін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;
12) тіркемелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, бұрын қызмет көрсеткен теміржол маршруттарға поезд бригадалары қызметкерлерінің жеке білікті штатының болуы туралы мәліметтер. Бұрын басқа тасымалдаушылар қызмет көрсеткен маршруттарға өтініш берген кезде нормативтік саны шектерінде тіркемелі және тікелей қатынайтын вагондарды есепке ала отырып, бұрын теміржол бойынша маршруттарға қызмет көрсеткен тасымалдаушының поезд бригадалары қызметкерлерінің білікті штатын жұмысқа қабылдау туралы кепілді міндеттеме-хат.
13) тасымалдаушыда конкурс өткізілген бұдан бұрынғы айдың соңғы 12 ай ішінде ағымдағы айдың бірінші күніне берілген тасымалдаушының және бірінші басшының мөрлерімен бекітілген, қолдарымен расталған Ұлттық инфрақұрылым операторының, локомотивтік тарту операторының және үй-жайларды жалдау бойынша қызметтер және вокзалдарда анықтамалық-ақпараттық қызметтер көрсететін теміржол ұйымдарының берешегі бойынша өзара есеп айырылысуларды салыстыру актісі. Берешек болған жағдайда, бірінші басшылар қол қойған, мөрлермен бекітілген берешекті кепілді өтеу кестесін қамтитын екі жақты келісім немесе төлем жасау туралы банк белгі қойған берешектің өтелуін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқалары;
14) тасымалдаушыда банктен (терден) мәлімделген лот бойынша бірінші жылда қызмет көрсетуге қарастырылған субсидия көлемінен конкурс өткізетін айдың алдындағы соңғы үш айға мәлімделген қатынаста көзделген жылдық субсидиялардың көлемінен кемінде 5% құрайтын меншікті ақшалай қаражаты айналымының анықтамалар;
15) конкурсқа қатысу үшін өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжат.
16. Конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттар екі данада мемлекеттік немесе орыс тілдерінде (түпнұсқа және көшірмесі) ұсынылады, беттері нөмірленіп, тігілген болуы тиіс, соңғы бетінің айналым жағы заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мөрімен (болған жағдайда) куәландырылады. Тасымалдаушы конкурстық өтінімді конвертке салып желімдейді, онда тасымалдаушының атауы мен мекенжайы көрсетіледі. Конвертте «ТҮПНҰСҚА» және «КӨШІРМЕ» белгілері қойылады. Осыдан кейін екі конверт бір сыртқы конвертке салынып жабылады. Бұл ретте, банктік кепілдеме түпнұсқасы, оны конкурсқа қатысуға берілген өтінімді қамтамасыз ету үшін берілген болса, онда ол тігілмейді және бөлек конвертпен конкурсқа қатысуға талап етілетін құжаттармен бірге беріледі.
17. Конкурстық өтінім ешқандай түзетулерсіз және өшірулерсіз немесе басқа да қосып жазуларсыз ұсынылатын болады.
18. Конверттер Конкурс ұйымдастырушыға: «Шығыстары Тараптар мемлекеттерінің тиісті шекара маңы субъектілерінің бюджеті есебінен субсидиялауға жататын теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша конкурсқа арналған конкурстық өтінім» деген белгісімен жолданылады.
19. Тасымалдаушы конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық өтінімін өзгерте немесе кері қайтарып ала алады. Өзгерту өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, салынуы және ұсынылуы тиіс. Мұндай өзгерту немесе қайтып алу туралы хабарлама, егер оны Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімдері өткенге дейін алса, жарамды болып табылады. Өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімдері өткеннен кейін өтінімдерге ешқандай өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
20. Тасымалдаушы конкурс жеңімпазы болып жарияланған жағдайда, ол конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді конкурстық құжаттамада көзделген субсидиялау туралы шартты жасауға кепіл ретінде енгізеді.
21. Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету мәлімделген лот бойынша бірінші қызмет ету жылына қарастырылған субсидия сомасынан 3% мөлшерінде енгізіледі.
22. Тасымалдаушы конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін таңдайды:
1) Конкурс ұйымдастырушының банктік шотына аударылатын кепілдік ақша жарнасы;
2) қағаз түріндегі банктік кепілдеме.
23. Конкурс ұйымдастырушысы тасымалдаушының ресми сұрау салуымен конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі болған күннен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде қайтарады:
1) конкурсқа қатысуға беретін өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін аталған тасымалдаушының конкурсқа қатысуға берген өз өтінімін кері қайтарып алу;
2) субсидиялау туралы шартқа қол қою;
3) осы Қағидалардың 33-тармағына сәйкес тасымалдаушының конкурстық өтінімін қайтару;
4) тасымалдаушының конкурсқа қатысуға берген конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімінің аяқталуы.
4. Конкурстық ұсыныстарға баға беру және жеңiмпаз(дар)ды анықтау
24. Комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді қатысушылар немесе олардың өкілеттігінде комиссияның отырысына қатысуға құқық беретін сенімхатпен расталған уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады.
25. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде комиссия хатшысы қатысып отырған адамдарға конкурсқа қатысатын тасымалдаушылардың атауы мен тұрғылықты жерін, әр конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты хабарлайды.
26. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей комиссия конверттерді ашу хаттамасын жасайды және хаттамаға конверттерді ашу рәсіміне қатысқандар, комиссия мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы қол қояды.
27. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей тасымалдаушыларға не олардың уәкілетті өкілдеріне өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін ұсынады, сондай-ақ өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының қол қойылған мәтінін интернет-ресурстарында жариялайды.
28. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі кезінде болмаған тасымалдаушыларға олардың жазбаша сұрауы салуы бойынша немесе олардың уәкілетті өкілдерінің жазбаша сұрауы салуы бойынша Конкурсты ұйымдастырушының осындай сұрау салуды алған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей конверттерді ашу хаттамасының көшірмесі ұсынылады.
29. Конкурстық өтінімдерді қарау кезінде және конкурстық өтінімдерде көрсетілген мәліметтерді нақтылау мақсатында, комиссия жазбаша түрде тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпарат сұратады. Егер көрсетілген ақпарат комиссияның шешім қабылдауы үшін негіз болып саналған жағдайларда конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қоса беріледі.
30. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес комиссия конкурстық өтінімдердің бағалау шкаласына сәйкес теміржол жолаушыларын тасымалдауын жүзеге асыру бойынша конкурстық өтінімдерді бағалау парағында (бұдан әрі-бағалау парағы) конкурсқа қойылған лоттар бойынша баллдарды қояды. Әрбір лот бойынша бағалау парағы конкурстың нәтижесі туралы хаттамаға қоса беріледі.
31. Қарастырудан, конкурстық өтінімдерді бағалаудан кейін, комиссия хатшысы тасымалдаушылар бойынша конкурстық өтінімдерді бағалау парағында лоттар бөлігінде жалпы балды жинақтайды және конкурстың қорытындысы туралы хаттамада көрсетілетін ортақ сомалық балды анықтайды.
32. Комиссия конкурсқа қатысу үшін қарастыруға қабылданған конкурстық өтінімдердің бағалау парағына сәйкес сомалық балды бағалайды және салыстырады және әрбір лот бойынша конкурста жеңген тасымалдаушыны (тасымалдаушыларды) анықтайды.
33. Комиссия, егер:
1) тасымалдаушы, осы Қағидалардың 15-тармағының талаптарына сәйкес келмесе не болмаса талапқа сай ресімделмесе немесе құжаттар топтамасын толық емес ұсынса;
2) тасымалдаушының ұсынған теміржол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдаына арналған бағаның (тарифтің) жоғарылауының шекті деңгейі конкурстық құжаттамада көрсетілген деңгейден асып түссе;
3) тасымалдаушының ұсынған субсидиялаудың жоспарланған көлемі конкурстық құжатта көрсетілген деңгейден асып түссе;
4) тасымалдаушы ұсыныстары жолаушыларды тасымалдаудың негізгі шартын қамтамасыз етпесе;
5) тасымалдаушының ұсынысы жолаушылар тасымалын дамытудың негізгі талаптарын қамтамасыз етпесе;
6) тасымалдаушының ұсынысы жоспарланған жолаушылар айналымының көлемін қамтамасыз етпесе;
7) тасымалдаушының ұсынған конкурстық өтінімде жалған мәліметтерді беру фактісі анықталса, конкурстық өтінімді қайтарады.
34. Егер конкурсқа қойылатын бір лот бойынша конкурстың шарттарына жауап беретін және осы Қағидаларға сәйкес конкурсқа қатысу құжаттарын конкурсқа тапсырған кемінде екі тасымалдаушы өтінім берген болса, конкурс өткізілді деп танылады.
35. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Дауыс беру рәсіміне комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде комиссияның шешімі заңды деп танылады.
36. Конкурс қорытындысын шығарған кезде комиссияның кез келген мүшесінің және хатшысының болмауына дәлелді себептер болған кезде осы фактіні растайтын құжатты ұсыну арқылы жол беріледі.
37. Комиссия конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы ресімдей отырып, конверттер ашылған күннен бастап 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде конкурстың қорытындыларын шығарады, оған комиссияның мүшелері мен комиссия хатшысы қолдарын қояды. Комиссияның әрбір мүшесі конкурстың қорытындысы туралы хаттамаға қоса тіркелетін өзінің ұстанымын жазбаша жаза алады.
38. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей конкурсқа қатысушыларға конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін жібереді, сондай-ақ, конкурстың қорытындылары туралы қол қойылған хаттама мәтінін интернет-ресурста жариялайды.
39. Бағалық шәкілге сәйкес жоғарырақ баллдар санын жинаған және:
1) жолаушыларды тасымалдаудың негізгі шарттарын;
2) дамудың негізгі шарттарын;
3) субсидиялаудың жоспарланған көлемін;
4) жолаушылар айналымының жоспарланған көлемін қамтамасыз еткен тасымалдаушы жеңімпаз болып танылады.
40. Екі немесе одан да көп қатысушы бірдей сомалық балл жинаса, тасымалдаушыға келесі негіздер бойынша басымдылық беріледі:
1) вагондардың көп бөлігі тасымалдаушының меншігіне жатады;
2) теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушының вагондары вагондарды пайдаланудың ең аз мерзіміне ие;
3) бағаның (тарифтің) шекті деңгейі шегінде теміржол жолаушылары тасымалы жүзеге асырылуына сәйкес қызмет көрсетудің алғашқы үш жылында жүріп тұруға бағаның жоғарылауының ең аз орташа деңгейін ұсынған тасымалдаушы;
4) тасымалдаушыда әр құрамға арнаған кресло-арбалармен қозғалатын мүгедектерге мамандандырылған орындармен және отырғызып-түсіру үшін көтеретін құрылғылармен жабдықталған вагондары бар;
5) тасымалдаушыда Қазақстан Республикасы аумағында теміржол көлігімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру тәжірибесі неғұрлым көп.
41. Комиссия конкурстың қорытындыларын шығару кезінде конкурс жеңімпазынан басқа әрбір лот бойынша конкурстың жеңімпазынан кейін бағалау шәкіліне сәйкес балдардың неғұрлым жоғары санын жинаған әлеуетті қатысушыны анықтайды.
42. Конкурстық қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде конкурстың жеңімпазы мен Конкурсты ұйымдастырушы арасында субсидиялау туралы шарт жасасылады.
43. Конкурс жеңімпазының конкурстық ұсыныстары онымен субсидиялау туралы жасасылатын шарттың ажырағысыз бөлімі болып табылады.
44. Жеңімпаз субсиядиялау туралы шарт жасасудан бас тартқан кезде, Конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңімпазынан кейін бағалау шкаласына сәйкес балдардың неғұрлым көп санын алған тасымалдаушымен субсиядиялау туралы шарт жасасады. Бұл ретте Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімді қамтамасыз ету сомасын субсиядиялау туралы шарт жасасудан бас тартқан тасымалдаушыға қайтармайды. Конкурс жеңімпазынан кейін бағалау шкаласына сәйкес балдардың неғұрлым көп санын алған тасымалдаушы субсидиялау туралы шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, конкурс өтпеді деп танылады.
45. Егер конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, комиссия конкурсты қайта өткізу туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға бір ғана тасымалдаушы жіберілуі себепті екінші қайтара конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, комиссия онымен субсиядиялау туралы шарт жасасу шешімін қабылдайды. Субсиядиялау туралы жасасылған шарттың бағасы бөлінген субсидиялар сомасынан аспауы тиіс.
Егер, конкурсқа қатысуға жіберілген тасымалдаушылардың болмауына байланысты екінші қайтара конкурс өтпеді деп танылған болса, онда субсиядиялау туралы шарт бұрын аталған маршрутта қызмет көрсеткен жұмыскерлерді (жолсеріктер және поезд бастықтары) жұмысқа орналастыра отырып, тиісті кезеңге бюджеттен бөлінген субсидиялар сомасынан аспайтын сома шектерінде Ұлттық жолаушыларды тасымалдаушымен жасасылады.
46. Конкурстың жеңімпазымен субсидиялау туралы шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, тасымалдаушыны айқыңдағанға дейін субсиядиялау туралы шарт бұрын аталған маршрутта қызмет көрсеткен жұмыскерлерді (жолсеріктер және поезд бастықтары) жұмысқа орналастыра отырып, тиісті кезеңге бюджеттен бөлінген субсидиялар сомасынан аспайтын сома шектерінде Ұлттық жолаушыларды тасымалдаушымен жасасылады.
Шығыстары Тараптар мемлекеттерінің тиісті шекара маңы субъектілерінің бюджеті есебінен субсидиялануға жататын теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды анықтау бойынша конкурс өткізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Конкурстық өтінімдерді бағалау шкаласы
Р/с №
Көрсеткіш
Балдар саны
1
Меншікті және (немесе) сенімді басқарудағы мүліктік жалдау немесе өзге де заңды негіздерде конкурсқа мәлімделген маршруттар бойынша пайдаланылатын теміржол жолаушы вагондарымен қамтамасыз ету жөніндегі тасымалдаушылардың ұсыныстарына сәйкес вагондарды пайдаланудың орташа мерзімі:
1. 5 жылға дейін
25
1. 5,1-ден 9 жылға дейін
20
1. 9,1-ден 15 жылға дейін
15
15,1-ден 20 жылға дейін
10
20,1-ден және жоғары
5
2*
Конкурстық өтінімде көрсетілген және жолаушылар тасымалын жүзеге асырушының негізгі талаптарында көрсетілген жалпы вагондардың түрлері (купе, плацкарт, жалпы) бойынша тасымалдаушының теміржол жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету үшін тасымалдаушының вагондарының үлесі:
Балдар саны
10 31-ден 40% дейін
2
10 41-ден 50% дейін
5
10 51-ден 60% дейін
8
10 61-дан 70% дейін
11
10 71-ден 80% дейін
14
10 81-ден 90% дейін
17
10 91-дан 100% дейін
20
3**
Жолаушылар тасымалын жүзеге асырудың негізгі шарттарында көрсетілген вагондардың түрлері (купе, плацкарт, жалпы) бойынша 7% үлесінен асатын көлемдегі резервте вагондардың болуы:
5
4
Жолаушылар тасымалын жүзеге асырудың негізгі шарттарында көрсетілген құрамы толық көлемде кресло-арбалармен қозғалатын мүгедек жандарға арнайы мамандандырылған орындарымен және отырғызып-түсіру үшін көтеретін құрылғылармен жабдықталған (тасымалдаушының әрбір құрамында) вагондардың үлесі:
Балдар саны
10 25% дейін
2,5
10 26-дан 50% дейін
5
51-ден 75% дейін
7,5
76-дан 100% дейін
10
5
Жолаушылар тасымалын жүзеге асырудың негізгі шарттарында көрсетілген вагондардың жалпы көлеміндегі тасымалдалаушының жеке меншігіндегі вагондар үлесі:
Балдар саны
10 10% дейін
1
10 11-ден 20% дейін
2
10 21-ден 30% дейін
3
10 31-ден 40% дейін
4
10 41-ден 50% дейін
5
10 51-ден 60% дейін
6
10 60-тан 70% дейін
7
10 71-ден 80% дейін
8
81-ден 90% дейін
9
91-ден 100% дейін
10
6
Қазақстан Республикасы шекарасында теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметті жүзеге асыру бойынша тасымалдаушының жұмыс тәжірибесі:
Балдар саны
10 тәжірибе жоқ
0
10 1 жылға дейін
2,8
10 1 жылдан 3 жылға дейін
3,75
10 3 жылдан жоғары
5
7
Тасымалдаушының ұсынған жолаушылар тасымалына бағаның (тарифтің) көтерілуі деңгейінің шекті орташа деңгейі, %
Қызмет көрсетудің бірінші жылында
Қызмет көрсетудің екінші жылында
Қызмет көрсетудің үшінші жылында
10 0
5
5
5
10 0,1-ден 3-ке дейін
4
4
4
10 3,1-ден 5-ке дейін
3
3
3
5,1-ден 7-ге дейін
2
2
2
7,1-ден жоғары
1
1
1
8
Ұпайдың барлығы
100 ұпайдан жоғары емес
Ескертпелер:
* дизель, - электр поездарымен жолаушылар тасымалын жүзеге асыру жағдайында аталған шәкіл бағаланбайды;
** темір жол қатынастарына, тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондар/электропоезд және дизель поездар бойынша қызмет көрсету үшін жалпы вагондар санынан 100% вагондар санын ұсынған жағдайда аталған шәкіл бағаланады;