«Ақтөбе облысының елді мекендерінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы ставкаларын арттыру туралы» Ақтөбе облысы маслихатының шешімі

жоба
Ақтөбе облыстық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақтөбе қаласы №______ «____» мамыр 2018 жыл
«Ақтөбе облысының елді мекендерінде
сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері
бойынша ай сайынғы базалық төлемақы
ставкаларын арттыру туралы»
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 605 бабының 3 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысының ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшері қосымшаға сәйкес арттырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы хатшысы
А.ОРАЛМАҒАНБЕТОВ С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА
«____» мамыр 2018 жыл № ___
облыстық мәслихаттың шешіміне
қосымша
Ақтөбе облысының ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшері.
№ Аймақ
Орналасқан орны
Ұлғайту базалық ставкалары
1
Ақтөбе қаласы (шағын аудандар Батыс 1,2,3, орталық көшелер мен даңғылдар, ескі қала, Заречный-1,2,3,4, ГМЗ)
2
2
Ақтөбе қаласы маңындағы елді мекендер (Қарғалы, Оңтүстік-Батыс, Нұр-Ақтөбе, 41-шы разъезд, Промзона, Рауан а.о., Қызылжар, Кірпіш зауыты, Ақжар-1, 2, Россовхоз)
1,7
3
Ақтөбе қаласының алшақ елді мекендер (бұрынғы ауылдық округтер) Благодар, Сазды, Құрайлы, Жаңа қоныс
1,5