2018 жылдың 5 айы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

2018 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы көлік қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы ақпарат
Облыста автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдауды 80 тұрақты маршрут жүзеге асырады, оның ішінде 52-і қала ішіндегі, 18-і облысішілік қалааралық маршруттар, 3-і облысаралық маршруттар және 7-і халықаралық маршруттар.
Қазіргі таңда көлік қызметінде 200-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді.
Статистикалық мәліметке сәйкес, Ақтөбе облысы бойынша автомобиль көлігімен 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында 27 478,4 мың тонна жүк тасымалданды немесе 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,5% құрайды. Жүк айналымы 2277,05 млн.ткм немесе 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,5% құрайды.
Жолаушыларды тасымалдау 118,8 адам немесе 2017 тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,1 % көп, жолаушылар айналымы 6120,3 млн.пкм немесе 1,4% өсті.